"БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР»
Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева ағымдағы жылдың 10-қарашасы күні, Еуропа елдерінің білім кәсіподақтарындағы жастар қозғалысының мәселесіне арналған «Білім кәсіподағы және жастар» вебинарына спикер ретінде қатысты. Вебинар ұйымдастырушысы Білім Кәсіподақтарының Еуропалық Комитеті (БКЕУ), шара модераторы - Жалпыресейлік білім кәсіподағының төрайымы Галина Меркулова болды.
Алғы сөзді БКЕУ Еуропалық директоры Съюзен Флокен алып, БКЕУ жастар мен студенттердің кәсіподақ қозғалысын дамытуға басты назар аударатынын атап өтті, сондай-ақ білім кәсіподақтарын жас мұғалімдер мен академиялық қызметкерлерді тиімді қолдауға, өз жас мамандарын жаңа деңгейге біріктіру мен белсендендіру жұмысын жетілдіруге шақырды.
Өз елдеріндегі жастар кәсіподақ қозғалысы туралы Польша, Германия өкілдері айтып өтті. А.Мұқашева жастардың Салалық білім және ғылым Кәсіподағына қатысуы жөнінде айтты. Вебинарға қатысушыларжастар саясатын дамытудағы Кәсіподақтың рөлі туралы білді. Атап айтқанда, жастар ісі жөніндегі Кеңес жұмысы туралы ақпарат берілді. Кеңестің негізгі міндеті жастарды әлеуметтік, мәдени, рухани дамытуға, жастардың кәсіподақтық біліміне, ксәіподақ жұмысына жаңа нысандар мен әдістерді енгізуге, қоғамдық маңызды бастамаларды іске асыруға, кәсіподақтардың жастар саясатын құру мен жүзеге асыру кезінде жастардың ұсыныстарын есепке алу үшін жағдай жасауға, республиканың кәсіподақ қозғалысын дамытуда жастардың мүмкіндігін пайдалануға жәрдемдесу болып табылады.
Ашық пікірталас аясында вебинар қатысушылары сондай-ақ өз елдеріндегі жастар кәсіподақ қозғалысының жұмыстары туралы айтып өтті.Шараға Еуропалық білім кәсіподақтарының, білім министрліктерінің өкілдері, еуропалық елдердің ЖОО жас педагогтары мен студенттері қатысты.
Өткізілген вебинар күн тәртібінде БКЕУ алдағы мерзімге арналған қызметінің принциптері мен бағдарламасы, саясаты бойынша шешімдерді талқылау мен қабылдау қаралатын БКЕУ келесі Конференциясына арналды.