АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
Бүгін, 20 қазан күні, Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова мен Салалық кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен бейне-конференц байланысы арқылы өткен кезекті аймақтық семинарға Ақтөбе облысының білім басқармасы, білім беру ұйымдарының жетекшілері және қаржыгерлері шақырылды.
Қашықтықтан оқыту жағдайында туындаған өзекті мәселелерді түсіндіру, сала қызметкерлерінің сауалдарына жауап беру мақсатында өткізіліп жатқан онлайн кездесуге ҚР БжҒМ бюджеттік жоспарлау Департаменті директоры Ж.И.Рахметова, ҚР БжҒМ СҚК педагогикалық кадрлармен жұмыс жөніндегі Басқарма басшысы А.Т.Дюсембаева, Ақтөбе облыстық білім беру басқармасының басшысы Л.А.Оразбаева, аймақтағы білім беру ұйымдарының жетекшілері және қаржыгерлері, Салалық кәсіподақтың Ақтөбе облыстықұйымының төрайымы Р.С.Серікова бастаған кәсіподақ активі қатысты.
Семинарды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.М.Мұқашева ашып, жүргізді.
Онлайн кездесуге білім саласының 400-ге жуықа қызметкері қатысып, білім және ғылым вице-министрі Б.Асыловаға сұрақтар қойды және толық жауаптарын алды.
Сұрақтардың басым бөлігі кезекші сыныптардың мұғалімдеріне жалақы төлеу, сауықтыру жәрдемақысы, тарифтеу және оқу жүктемесі, магистрлерге қосымша ақы төлеу және т.б. қатысты болды.
Кездесу нәтижелі өтті, семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
-
Фото
-