ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН СЕМИНАР
Бұған дейін хабарланғандай, қашықтықтан оқыту жағдайында туындаған өзекті мәселелерді түсіндіру мақсатында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық келісім аясында оқу жылының басынан бері аймақтық семинарлар өткізілуде.
Бүгін, 16 қазан күні, Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова мен Салалық кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен бейне-конференц байланысы арқылы өткен кезекті аймақтық семинарға Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беру ұйымдарының жетекшілері және қаржыгерлері шақырылды.Онлайн кездесуге ҚР БжҒМ бюджеттік жоспарлау Департаменті директорының орынбасары Ж.И.Рахметова, ҚР БжҒМ СҚК педагогикалық кадрлармен жұмыс жөніндегі Басқарма басшысы А.Т.Дюсембаева, Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Г.ш.Қожахметова, Салалық кәсіподақтың Қарағанды облыстың ұйымының төрайымы Т.Ф.Самойлюк және Жезқазған аумақтық ұйымының төрағасы М.С.Қоңырбаев бастаған кәсіподақ активі қатысты.
Жиын модераторы Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева семинардың мақсаты мен міндеттеріне, өзектілігіне тоқталды. А.Мақсатқызы өз сөзінде әлеуметтік әріптестік аясында сала қызметкерлерінің көптеген мәселелері шешіліп жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асыловаға жиынға қатысқаны үшін алғыс айтып, педагогтар игілігі үшін атқарып жүрген қызметіне табыс тіледі.
Семинар барысында Білім және ғылым вице-министрі сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелерін шешуде кәсіподақтың белсенді үлесі барын ерекше атады.
Жиын екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде семинарға қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды. Сұрақтар негізінен кезекші сыныптардың мұғалімдеріне жалақы төлеу, тарифтеу және оқу жүктемесі, педагогикалық шеберлік үшін біліктілік санатын беру, педагогикалық шеберлік үшін біліктілік санатын беру, ауылдық жерде тұрып, жұмыс істейтін техникалық қызметкерлерге коммуналдық қызметтер өтемақысын төлеу, сондай-ақ техникалық қызметкерлерді есебінен медициналық тексерістен жұмыс берушілер есебінен өткізу, магистранттарға төленетін қосымша ақылар және т.б. қатысты болды.
«Онлайн жиындар барысында түсіп жатқан сұрақтардың басым бөлігі бір-біріне ұқсас, біз осы орайда кәсіподақпен бірге ең жиі түскен сұрақтардан Сұрақ-жауаптар жинағын шығару туралы шешім қабылдадық. Материалдар аймақтардың барлығына бірдей жолданады. Өйткені ол әрбір мектепке, әрбір педагогқа жетуі тиіс», - деді Б.Асылова.
Семинарға қатысушылардың сауалдарына сонымен қатар А.Мұқашева мен Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Беженаров та жауап берді.Кездесу сындарды жағдайда өтті.
-
Фото
-