«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық жыл сайынғы байқауы қорытындыланды
Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық жыл сайынғы байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталды.
Байқау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ) жөніндегі ішкі бақылау тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарында қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайына заңды құқықтары мен мүдделерін қадағалау, өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруды азайту, техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру және ынталандыру мақсатында жүргізілді.
Бірінші топ бойынша – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» номинациясында мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары:
I орынға грамота және 250000 (екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақы берілді:
- Лось Марина Николаевна - Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің Шарбақты ауданы гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ техникалық инспекторы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
II орынға грамота және 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақы берілді:
- Булегенов Бауыржан Рахметуллаевич, Шымкент қаласы білім басқармасының «Қорқыт ата атындағы №22 негізгі орта мектеп» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
- Әсембай Еркебұлан Аманкелдіұлы – «Қарағанды қаласы №23 ОМ» КММ техникалық инспекторы, дене шынықтыру мұғалімі.
III орынға грамота және 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақы берілді:
- Икежанов Аманғали Укибаевич – «Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің Әйтеке би атындағы орта мектеп» КММ техникалық инспекторы, педагог-психолог;
- Шынобеков Бауржан Серкенович – Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы«№7 «Айша» балабақшасы» МКҚК, мегерушінің шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары;
- Сатаева Алтынай Даулеткереевна – Ақтөбе облысыАлға ауданы«Болашақ» Бестамақ балабақшасы, тәрбиеші.
Екінші топ бойынша – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» номинациясында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары:
I орынға грамота және 250000 (екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақы берілді:
- Әбдірахманова Гүлмира Ермаханқызы – «Қызылорда облысы білім басқармасының «Шиелі Индустриалдық аграрлық колледжі» МКҚК техникалық инспекторы, тіршілік қауіпсіздігі негіздері бойынша инженер;
II орынға грамота және 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықақы берілді:
Жумасатова Гулжамал Ыксановна – «Ақтау қаласы Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» техникалық инспекторы, оқытушы.
III орын – 3 орынға екінші топта байқауға материалдар ұсынылған жоқ.
Сондай-ақ, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін төмендегі техникалық инспекторлар Құрмет грамоталарымен және 30000 (отыз мың) теңге көлемінде ақшалай сыйлықақы мен марапатталды:
- Сыдыгалиев Айдар Аскарович – Жамбыл облысы Мерке ауаны «Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебінің» дене шынықтыру мұғалімі;
- Друска Ольга Ивановна – Өскемен қаласы әкімдігінің«Меновное орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
- Аскарова Орынбасар Тасболатовна – Нұр-Сұлтан қаласы «А.Байтұрсынов атындағы №47 мектеп-лицей» КММ директорының ӘШБ жөніндегі орынбасары;
- Оразбаева Сания Кавиденовна – Нұр-Сұлтан қаласы «№74 «Дәурен» балабақшасы» МКҚК меңгерушісінің ӘШБ жөніндегі орынбасары;
- Турканов Сайран Аканович – Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№15 жалпы орта білім беретін негізгі мектеп» КММ шаруашылық бөлім меңгерушісі;
- Баймолда Ғани Тұрсынғалиұлы – «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» ММ «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Сарыөзек орта мектебі» КММ алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің мұғалімі;
- Омаров Әбибулла Серікбекұлы – Қызылорда қаласы«№212 мектеп-гимназия» КММ тарих мұғалімі;
- Тасмурзаева Шынар Нурлановна – Жезқазған қаласы білім бөлімінің №10 ЖОББМ КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- Старицын Семен Александрович – Солтүстік-Қазақстан облысы М.Жұмабаев атындағы ауданның «Конюхов негізгі мектебі» КММ күзетшісі.
Жеңімпаздар құжаттары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағына Республикалық байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясына жіберіледі.
Бұл шара Кәсіподақтағы техникалық инспекторлардың қызығушылықтарын арттырғандықтан 2019 жылдан бастап аталған байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп отырады.