Атқару комитетінің отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 30-қырүйегі күні online режимінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Атқару комитетінің мәжілісі өтті. Мәжілісті салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева ашып, жүргізді.
Атқару комитетінің мәжілісінде:Салалық кәсіподақ пен мүшелік ұйымдарда ақпараттықжұмысты одан әрі жетілдіру жағдайы мен шаралары туралы; Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының кәсіподақтың XIV съезінің шешімдерін іске асыру, құқықтық қызметті жетілдіру, кәсіподақ мүшелеріне тегін заңгерлік көмек көрсету аясын кеңейту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын орындау барысы туралы; Түркістан облыстық және Шымкент қалалық кәсіподақ ұйымдарының білім саласы ұйымдарындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жұмысы туралы; Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» білім қызметкерлерініңкәсіподағы» ҚБ жарғылық мақсаттар мен міндеттердіорындау, кәсіподақ органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы; Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ-де «Мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу, бөлу және жұмсау тәртібі туралы ереженің» орындалуы бойынша жұмыс жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Атқару комитетінде 2020 жылғы жаз мерзімінде кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының демалысын ұйымдастыру және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық жыл сайынғы байқауының жұмыстары қорытындыланды. Сондай-ақ, 14.11.2014ж. кәсіподақ наградалары туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды.
Атқару комитетінің жұмысы іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.