Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Білім және ғылым саласы қызметкерлері салалық кәсіподағының Ақмола облыстық кәсіподақ белсенділерімен бірқатар кездесулер өтті
28 қыркүйек күні Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Білім және ғылым саласы қызметкерлері салалық кәсіподағының Ақмола облыстық кәсіподақ белсенділерімен бірқатар кездесулер өтті. Шараның мақсаты — "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Президент жолдауын және ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 26-съезінде кәсіподақтарға жүктелген мақсат-міндеттерді түсіндіру. Жұмыс сапарындағы алғашқы кездесу Шортанды ауданындағы Шортанды кетіндегі №1 орта мектепте өтті. Оқу ордасының директоры Д.Жапаров мектеппен таныстырды. Білім ошағы 250 оқушыға шақталған, онда қазір кезекші және инклюзивті сыныптар жұмыс істеп тұр. Мектепте патриоттық, экологиялық және өлкетану тәрбиесіне баса мән беріледі.
Кәсіподақ активімен кездесуге Ақкөл, Шортанды, Целиноград аудандары кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Н.Щербань, Г.Ховерко, К.Сатбалдин және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, аудандық білім бөлімінің өкілі қатысты. Шортанды ауданында білім саласы қызметкерлеріне еңбек айлық ақылыры дұрыс есептелінбей, сонымен қатар, еңбек демалысына шыққанда сауықтыру жәрдемақысын төлеуге қатысты жылдың басынан бастап мәселе туындаған. Осыған байланысты, алдымен осы мәселе талқыланып, тыңдалды.
Көкшетау қаласында қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Б. Кожахметов бастаған кәсіподақ активі бас қосты. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында жүктелген басымдықтар мен Кәсіподақтар Федерациясының 26-съезінде кәсіподақ қозғалысының алдына қойылған міндеттерді түсіндіру барысында әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тиімді шешудің негізі болатын экономиканы әртараптандыру мен мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құруға бағытталған Қазақстанның жаңа даму бағытына екпін берілді.
Кәсіподақтар Федерациясының 26-съезінде елдегі кәсіподақтар қозғалысының коронавирус пандемиясынан кейінгі экономиканы қалпына келтіру жағдайындағы, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа моделіне көшудің басым бағыттары айқындалды. Съезд делегаттары 2020-2025 ж. ж. арналған Кәсіподақтар Федерациясы қызметінің Стратегиясы "Әділеттілік пен дамуға - бірлікте" атты қорытынды құжатты қабылдады. Бұл құжат кәсіподақтар қозғалысын жаңғырту мен реформалаудың әрі қарайғы бағытын анықтайды және жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғаудың негізі болып табылады.
Кездесу барысында қалалық кәсіподақ активі Салалық кәсіподақтың және облыстық ұйымның 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмысы жайлы толық ақпарат алды. Сондай-ақ Салалық кеңестің құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Р. Қыдырбаева жиналғандардың сауалдарына жауап беріп, өңірдің осы саладағы өзекті мәселелері талқыланды.
Жиын соңында әлеуметтік әріптестер мен қалалық кәсіподақ белсенділерін Салалық кәсіподақтың төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
-
Фото
-