Партияішілік іріктеу — праймеризге қатысушыларымен онлайн форматта кездесу өтті
25.09.2020 ж. Кәсіподақтар Федерациясында партияішілік іріктеу — праймеризге қатысушыларымен онлайн форматта кездесу өтті.
Жиынды КР Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы С.Т.Даулеталин жүргізді.
Онлайн-бейнеконференцияға өңірлердегі үміткерлер де қатысты. Сайлау науқанына кәсіподақтардың қатысуы Кәсіподақтар Федерациясы мен Nur Otan партиясы арасындағы Меморандумды жүзеге асырудың жалғасы болып саналады.
Партияішілік іріктеудің алғаш рет өткізіліп отырғанын ескерсек, саяси додаға кәсіподақ белсенділерінің қатысуы — кәсіподақ қозғалысы тарихындағы жаңа кезең болмақ.
Алда сайлау науқанының соңғы шешуші аптасы, барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін