ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
20-30 шілде аралығында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Үздік әдістемелік орталық» республикалық байқауы өткізілді. Сараптамалық комиссия байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады. Комиссия жұмысына Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Ә.Әбиева қатысты.
Бірінші орын – Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығына бұйырды.
Екінші орынға - Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы ие болды.
Үшінші орынға - Алматы қаласының Білім басқармасы «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» лайық деп танылды.
Байқауды өткізуге Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы демеушілік көрсетті. Жеңімпаздарға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
-
Фото
-