КӘСІПОДАҚ КҮШІ - БІРЛІКТЕ!
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы А.Мұқашева мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Б.Еркінбек жұмыс сапарымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданына барды.
Іс-сапар барысында Салалық кәсіподақ басшылары су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді аралап, Мырзакент кентіндегі «Жеңіс» мөлтек ауданында жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.
Бұдан соң С.Рахымов атындағы мектепте кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, су апатынан зардап шеккен 365 кәсіподақ мүшесіне қайырымдылық көмек ретінде әрқайсысына 35000 теңге көлемінде қаржыны табыстады.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы тарапынан Мақтаарал ауданындағы "Нұрлы жол", "Қ.Аманжолов", "А.Фердауси" және "Қ.Мүсірепов" атындағы жалпы орта мектептерге 100 ноутбук, 100 парта мен 200 орындық, 8 принтер және 5 интербелсенді тақта табыс етілді.
Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің 100 тұрғынына ҚР Кәсіподақтар федерациясына қарасты «Көктем», «Меркі», «Манкент», «Жаңақорған», «Щучинск» шипажайларына жолдама берілді. Айта кету керек, зейнеткерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жолдамалар тегін таратылды.
https://www.facebook.com/profsoyuzrabotnikovobrazovaniya/videos/pcb.1498418063662963/640498136811067/?type=3&theater
https://www.facebook.com/profsoyuzrabotnikovobrazovaniya/videos/pcb.1498418063662963/188034929286843/?type=3&theater