АЙГҮЛ МҰҚАШЕВА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
Бүгін, 17 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетовтың қатысуымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша жаңадан құрылған қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы онлайн режимде өтті.
Қоғамдық кеңес құрамына Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы мен Министрлікке қарасты мекемелердің жетекшілері, сондай-ақ еліміздегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.
Кеңестің төрайымы болып Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы сайланды.
Еске сала кетейік, қоғамдық кеңес құрамы "Қоғамдық кеңес туралы" заңына сәйкес, конкурстық негізде мемлекеттер органдар, коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен, сондай-ақ азаматтар арасынан жасақталады.