"ЕҢ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР" АЙДАРЫ
ҚР Білім және ғылым министрлік пен «Kundelik» ЖШС мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарт аясындабірлесе отырып, 2016 жылдан бастап Республикамызда электрондық құжат айналымының автоматтандырылған жүйесі - «Kundelik» электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайданалатын қатаң есептіліктегі құжаттардыңнысанын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 қазаңдағы №502 бұйрығына сәйкес, МЕКТЕПТЕ МҮМКІНДІК БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ТЕКҚАНА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖУРНАЛ ҒАНА ТОЛТЫРЫЛАДЫ.
Сол себептен, қағаз журналдарды қатар жүргізуге болмайды.
Сонымен қатар, аталған бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес МЕКТЕП ЖУРНАЛЫ оқу кезеңі ішінде және оқу жылының соңында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ТОЛТЫРЫЛМАЙДЫ.