Еңбек демалысының ақысы қалай есептеледі?
Қызметкерге еңбек демалысының ақысы бір күндік орташа жалақысын демалыс күнінің санына көбейту арқылы есептейді.
Мысал қарастырайық: мұғалімнің білімі және біліктілік санаты жоғары, педагогикалық еңбең өтілі толық 19 жыл, педагог-зерттеуші, жаңартылған білім беру мазмұнында 18 сағат апталық оқу жүктемесі, сонымен қатар сынып (7) жетекшілігі бар. Жұмысы ауылдық жерде.
2020 жылдың 1- маусымынан бастап ұзақтығы күнтізбелік 56 күнді құрайтын ақылы еңбек демалысы беріледі.
Еңбек демалысының ақысының көлемін 3 кезеңмен анықтаймыз:
- Айлықақыны есептеу (Фаворит калькуляторы арқылы https://zp.fvr.kz/ru/calc#top);
- Орташа күндік айлықақыны есептеу:
Excel форматтағы кестеге қараңыз!Есеп
- Еңбек демалысы ақысының көлемі:
Excel форматтағы кестеге қараңыз!Есеп
Маңызды! Осы есептелген еңбек демалысы ақысының сомасынан жеке табыс салығы және басқа да міндетті төлемдер ұсталады.
Егер, қызметкердің жұмыс істеген уақыты бір жылдан аз уақыт болса, онда, орташа күндік ақыны есептеу үшін нақты жұмыс істеген уақыты алынады. Қалғаны жоғарыда көрсетілгендей жолмен есептеледі: нақты жұмыс істеген уақыттағы орташа бір күндік айлықақыны еңбек демалыс күнінің ұзақтығындағы жұмыс күндер санына көбейтеміз, сонда еңбек демалысы ақысының көлемі шығады. Одан салықтар мен міндетті аударымдарды алып тастаймыз – қалғаны қолыңызға тиетін қаражат.
Орташа күндік айлықақыны есептеу