ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «КӘСІПТІК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4-мамырдағы № 321-VI Заңымен, Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» 2014 жылғы 27-маусымдағы №211-V Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы»Заңынаенгізілген өзгерістер мен толықтырулардың қысқаша мазмұны ұсынылады:
1. «Әлеуметтік әріптестік» ұғымы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келтірілді және толықтырылды. Енді әлеуметтік әріптестік –жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара қатынастар жүйесі(Заңның 1-бабы 2)т.).
2. «Осы Заңның адамдардың жекелеген санаттары үшін қолданылу ерекшелiктерi» 3-бабы 3-тармақпен толықтырылды, соған сәйкес жұмыс берушілердің өкілдері кез келген деңгейдегі сайланбалы кәсіподақ органдарында бола алмайды.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабы 1-т. 40)т. сәйкес, жұмыс берушілердің өкілдері – құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Сондықтан, жұмыскерлерді қабылдау және жұмыстан шығару құқықтары берілген ұйым басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына (Жарғы, Ереже) қарай, болмаса өздерінеберілген сенімхаттар негізінде жұмыскерлермен қатынастарда жұмыс берушінің мүддесін білдіретін басқа да лауазымды тұлғалар кәсіподақ ұйымының (комитет, кеңес және т.б.) басқару органдарының құрамына сайлана алмайды (Кәсіподақтар туралы Заңның 3-бабы3-т.).
3. ҚР«Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 6-бабының редакциясы өзгертілді.Егер бұрын кәсiподақтар халықаралық кәсiподақтар бірлестіктерімен және еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен ынтымақтасуға, сондай-ақынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасуға құқылы болса, енді кәсіподақтар еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтінхалықаралық кәсiподақтар бірлестіктеріне кіруге, сондай-ақ ынтымақтастық туралы шарттар, келiсiмдер жасасуға құқылы.
Кəсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және бірлесіп еңбекшілердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және жобаларды іске асыруға құқылы(Кәсіподақтар туралы Заңның 6-бабы).
4. Кәсіподақтардың өз мәртебелілігін растау мерзімдері өзгертілді. Егер бұрын сәйкес мәртебесін (республикалық кәсіподақтар бірлестігі, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақ) растайтын құжаттардың көшірмелерінөздерін тіркеген әділет органына ұсынудың ең көп уақыты алты ай болса, қазір бұл мерзім бір жылға дейін созылды (Кәсіподақтар туралы Заңның 10-бабы 2-т.).
5. Егер бұрын кәсіподақтардың өз мәртебелілігін растау мерзімін бұзғаны үшін оларды таратуға әкеп соқса, қазір бұл бұзушылықпен ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкескәсіподақ қызметі үш айдан алты айға дейін тоқтатылады. Кәсіподақ қызметін тоқтату туралы шешімді сот қабылдайды.
Аталған заңның 23-бабына сәйкес,қоғамдық бiрлестiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бiрлестiк өз жарғысында белгiленген мақсаттар мен мiндеттер шегiнен шығатын әрекеттердi бiрнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, iшкi iстер органдарының ұсынулары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері немесе азаматтардың арыздары негiзiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған жағдайда оған барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа бұқаралық шаралар өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Оның банк салымдарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығынның орнын толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.
Егер қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған тәртiп бұзушылықты қызметi тоқтатыла тұратын болып белгiленген мерзiм iшiнде жойса, аталған мерзiм аяқталған соң қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды. Қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жоймаған жағдайда, не оларды қайталап бұзған жағдайда прокуратура, ішкi iстер органдары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, азаматтар сотқа оны тарату туралы арызбен жүгiнуге құқылы(Кәсіподақтар туралы Заңның 10-бабы 3-т., ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңының 23-бабы).
6. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің ықтимал құрылтайшыларының құрамы кеңейтілді. Бұрын мұндай бірлестіктер тек салалық кәсіподақтармен құрылса, енді құрылтайшылар ретінде аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері де бола алады (Кәсіподақтар туралы Заңның 11-бабы 2-т).
7. Егер бұрын республикалық кәсіподақтар бірлестігі аумағында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын тек мүшелік ұйымдардың болуы міндетті болса,енді онда өкілдіктердің (филиалдардың) болуына да рұқсат етілген.
Олардың мәртебелілігіне қатысты аумақтықкәсіподақтарбірлестігіне де нақтыталаптарқойылған.Аумақтықкәсіподақтарбірлестігі текаумағында кеміндеекіауданның (облыстықмаңызы бар қалалардың, қаладағыаудандардың) мүшелікұйымдарыжәне (немесе) өкілдіктері (филиалдары) барбірлестік бола алады.
Аудан (облыстықмаңызы бар қала) деңгейіндегіаумақтықкәсіподақтарбірлестігініңтиістіаумақтакеміндеекімүшелікұйымыболуғатиіс.
Салалықкәсіподақтарға қойылатын талаптар да өзгертілген. Егер бұрын салалық кәсіподақтыңсала жұмыскерлері санының жартысынан астамын және сонымен байланысты салаларды немесе сала ұйымдарын және солармен байланысты салаларды біріктіріп немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жартысынан астамын қамтитын аумақта құрылымдық бөлімшелері, мүшелік ұйымдары болуға тиіс болса, ендіоблыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта құрылымдық бөлімшелері және (немесе) мүшелік ұйымдары болса жеткілікті(Кәсіподақтар туралы Заңның 11-бабы 3-т., 12-бабы 3-т., 13-бабы 2-т.).
8. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тиісті комиссияларға қатысу үшін республикалық кәсіподақтар бірлестігінің, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, салалық кәсіподақтың тиісті мемлекеттік органды ресми хабардар етуі жаңа енгізілім болып табылады:
- республикалық кәсіподақтар бірлестігі- еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі);
-аумақтық кәсіподақтар бірлестігі- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы;
- салалық кәсіподақ- тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органы.
Заңнамалық актінің барлық мәтіні бойынша «әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия» сөз тіркесі «әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия» сөзіне ауыстырылғанын айта кеткен жөн (Кәсіподақтар туралы Заңның Пункт 11-бабы, 3-1т., 12-бабы 3-2т., 13-бабы 2-1т.).
9. Кәсіподақтардың олардың бірлестіктері мен салалық кәсіподақтарға кіру міндеттілігі жойылды (ұқсастыру). Енді бұл олардың құқығы болып табылады.
Облыс, республикалықмаңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.
Салалық кәсіподақтың республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.
Жергілікті кәсіподақтың салалық кәсіподақтың және (немесе) аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде олардың құрамына кіруге құқығы бар(Кәсіподақтар туралы Заңның 12-бабы 3-1т., 13-бабы3-т., 14-бабы 4-т.).
10. Кәсiподақтар кәсіподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заң намасының негіздері, сондай-ақұжымдық шартережелері бойынша сауаттылығы нарттыру, келіс сөздер жүргізеалу және еңбек дауларын дапәту аға қол жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
Кәсіподақтар кәсiподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің мүдделерін тек олардың жазбаша өтініштері болғандабілдіре алатынына назар аударған жөн(Кәсіподақтар туралы Заңның 17-бабы 5, 8-т.).
11. Кәсіподақтар сайланған немесе қайта сайланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге сайланбалы кәсіподақ органдарының негізгі жұмысынан босатылмаған мүшелері туралы ақпарат беруге міндетті(Кәсіподақтар туралы Заңның 17-бабы 9-т.).
12. Заңның 25-бабының 4-тармағы нақтыланған. Енді сайланбалы қызметке сайлану нәтижесінде жұмыстан босатылған адамдардың сайланбалы қызметіндегі жұмыс кезеңіне тек еңбек шартының мерзімі шеңберінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады(Кәсіподақтар туралы Заңның 25-бабы 4-т.).
13. Заңнан қажеттіліктің болмауына байланысты, оның қолданысқа енгізілу мерзіміндегі өтпелі ережелерді айқындайтын 33-бап алып тасталды.