ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4-мамырдағы № 321-VI Заңымен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және басқа да заңнамалық актілерге еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген жеке өзгерістер мен толықтырулардың қысқаша мазмұнын ұсынамыз:
1.«Еңбек дауы» ұғымы айқындалды. Егер бұрын еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдер, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың,жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер(жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер) арасындағы келіспеушіліктер болса, енді бұл ұғымға бұрын еңбек қатынастарында болған субъектілер арасындағы келіспеушіліктер де қосылды (Еңбек кодексінің 1-б. 16)т.).
Түсініктеме анықтама-нормалардың қатарымен толықтырылды: еңбекті қорғауды басқару жүйесі; еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі; кәсіптік тәуекел; кәсіптік тәуекелді басқару; кәсіптік тәуекелді бағалау; өндірістік-тұрмыстық жағдайлар.
«Тәртіптік теріс қылық» анықтамасы кеңейтілді. Тәртіптік теріс қылық дегеніміз жұмыскердің өз еңбек міндеттерін құқыққа қарсы, кінәлілікпен орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзуы болып табылады. Яғни, жұмыскердің жасаған әрекеті тәртіптік теріс қылық болуы үшін, ол міндетті түрде құқыққы қарсы және кінәлі болуы тиіс (Еңбек кодексінің 1-б. 76)т.).
2.Жұмыс беруші актілерді өз құзыреті шегінде жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында шығара алады. (Еңбек кодексінің 11-б).
3.Жұмыскерлер өкілдігінің қатынасына өзгерістер енгізілді. Енді бұл айқындама төмендегідей беріледі: «Жұмыскерлердің мүдделерін "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған кезде сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді».
Егер кәсіптік одақтарда жұмыскерлердің мүше болуы ұйым жұмыскерлері штат санының жартысынан аз болса, онда жұмыскерлердің мүдделерін кәсіптік одақтар мен сайланбалы өкілдер білдіре алады.
Егер осы ұйымда кәсіптік одақ құрылған болса, кәсіптік одақтың қатысуынсыз жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында ұжымдық келіссөздер жүргізуге жол берілмейді» (Еңбек кодексінің 20-бабы 1-т.).
4.Жұмыс берушілер мүдделері өкілдігінің қатынасына өзгерістер енгізілді. Жұмыс берушілердіңқұқықтары мен мүдделерін олардың бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) әлеуметтік әріптестік тетіктері арқылыбілдіреді (Еңбек кодексінің 20-1 бабы ).
5.Келісу комиссиясын құру міндеті жұмыс берушіге жүктелген (Еңбек кодексінің 23-бабы 2-т. 26) т.).
6.Жұмыс берушіге жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасу және тоқтату туралы, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар туралы ақпаратты есепке алудың бірыңғай электрондық жүйесіне енгізу міндеті жүктелген.
Қазір еңбек шартын жасау, оған өзгерістер және толықтырулар енгізуге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жол беріледі (Еңбек кодексінің 23-бабы 2-т. 27)т., 33-бабы 1-т.).
7. Енді жұмыс берушілер жұмыскерлерге қандай да біркемсітусіз,бірдейеңбекүшінбірдейақы, сондай-ақбірдейөндірістік-тұрмыстықжағдайларқамтамасызетугеміндетті.
Өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар – жұмыскердің жұмыс орнында, оның iшiнде вахталық жұмыс әдісі кезінде болуы үшін қажетті, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тынығу және тамақтану үшін жағдайлармен қамтамасыз етуді қамтитын еңбек жағдайлары. (Еңбек кодексінің 1-бабы 1-т. 66-1) т.,23-бабы 2-т. 28) т.).
8.Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салатын жұмыстар тізімі әйелдердің еңбегіне шектеу қойылатын жұмыстардың тізіміне ауыстырылды. Енді Жұмыс беруші Тізімге енгізілген жұмыстарға әйелдерді жұмысқа орналастыру туралы шешімді еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалған кезде қабылдауға құқылы(Еңбек кодексінің 26-бабы 2-т. 4) т.).
9. Іссапарға жіберу тәртібіне жеке өзгерістер енгізілді. Енді жұмыскерді тек басқа заңды тұлғаға емес, сонымен қатар филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) жұмыс беруші-заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) жұмыс беруші- заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде иеленетін тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға іссапарға жіберуге жол беріледі.
Іссапарға жіберуге:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмысты орындаудан бас тартқан қабылдаушы тарап жұмыскерлерін ауыстыру;
2) бос тұрып қалған (қабылдаушы тарап жұмыстарды уақытша тоқтата тұрған), қабылдаушы тарап банкроттық рәсімін жүзеге асырған, қабылдаушы тарап жұмыскерлерді жұмыстан шығару қатері төнген кезде жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізген жағдайда жұмыстарды орындау мақсатында жол берілмейді(Еңбек кодексінің 40-бабы).
10. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Егер бұрын жұмыс беруші жұмыскерді неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыратын болса, енді – оның денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті (Еңбек кодексінің 43-бабы).
11.Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру институтына өзгерістер енгізілді: енді басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жүкті әйелдің орташа жалақысы емес, орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы сақталады.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін жүкті әйелді мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы анықтама негізінде, орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы төлей отырып, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына уақытша ауыстыру міндеті көзделген(Еңбек кодексінің 44-бабы).
12. Жұмыскерді басқа жұмыс орнына ауыстыру тәртібі өзгертілді: бұдан былай егер еңбек шартында келісілген еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары сақталса, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға оның келісімі талап етілмейді (Еңбек кодексінің 45-бабы).
13.Жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттету жағдайындағы оның құқықтары кеңейтілді. Енді жұмыскердің тек жалақысы емес, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақысы және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдері сақталады(Еңбек кодексінің 48-бабы 6-т.).
14.Бұрын болған еңбек шартында тараптармен айқындалған мөлшерде өтемақылық төлеммен еңбек шартын бұзуға жұмыс берушінің құқығын еңбек шартына қосу мүмкіндігі алып тасталды (Еңбек кодексінің 50-бабы 3-т.).
15.Егер бұрын уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiтек жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер жұмысқа шыққан жағдайда өткен болып есептелсе, енді еңбек шартының мерзімі алмастыратын жұмыскермен еңбек шартын тоқтатқан жағдайда өткен болып есептеледі (Еңбек кодексінің 51-бабы 4-т).
16. Еңбек шартын бұзу негіздемесіне сенімнен айырылуға байланысты өзгерістер енгізілді:жұмыс беруші ақшалайнемесетауарлыққұндылықтарғақызметкөрсететін, сондай-ақөзініңқызметбабынөзінемесебасқаадамдарүшінматериалдықнемесеөзге де пайдаалуүшінжұмысберушініңмүдделерінеқарамастанөзмүддесінденемесеүшіншітұлғамүддесіндепайдаланатынжұмыскеркінәліәрекеттержасағаннемесеәрекетсіздігі, егербұләрекеттернемесеәрекетсіздікжұмысберушініңтарапынаноғандегенсенімніңжоғалуынанегізболса, жұмыскермен еңбек шартын бұзуға құқылы. Сонымен қатар, осы негіздер бойынша еңбек шартын бұзу үшін тәртіптік жаза қолдану тәртібін қадағалау талап етілмейді, бірақ жұмыскердің кінәлілік әрекеттер немесе әрекетсіздік жасағанын растайтын негіздемелер көрсетіле отырып, ішкі тергеп-тексеру актісімен расталуға тиіс(Еңбек кодексінің 52-бабы 1-т., 13) т., 53-бабы 6, 7-2 т.т.).
17. Енді жұмыскер біржақты тәртіпте еңбек шартын бұзу туралы арызын кері қайтарып алуға құқылы(Еңбек кодексінің 56-бабы 4-т.).
18. Жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы жұмыс берушінің актісін шығаруға жол берілмейтін кезеңдер тізіміне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізу кезеңімен толықтырылды. Бұл кезеңде тәртіптік жауаптылық туралы мәселені қарау және тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады(Еңбек кодексінің 65-бабы 4-т., 5)т., 66-бабы 3-т., 7)т.).
19.Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымын) ұзақтығын жеті сағатқа шектеу жойылды(Еңбек кодексінің 69-бабы 3-т. екінші бөлігі).
20.Жұмыс беруші толық емес жұмыс күнін олардың жазбаша өтініші бойынша белгілеуге міндетті тұлғалар тізімі, медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскерлермен толықтырылды (Еңбек кодексінің 70-бабы 3-т.).
21. Ауысымдық кесте (вахталық кесте) бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерді демалыс және мереке күндерінде, олардың жазбаша келісімінсіз жұмысқа тарту ерекшелігі алып тасталды. Енді мұндай жұмыскерлерді демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тарту үшін олардан жалпы тәртіпте жазбаша келісім алу қажет (Еңбек кодексінің 85-бабы 1-т. екінші бөлігі).
22.Жұмыс беруші қызметкерге күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын әлеуметтік демалыс беруге міндетті негіздеме тізімі зайыбы (жұбайы) және (немесе) олардың жекжаттары (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (қарындастар), ата-аналары (ата-анасы), балалары, атасы, әжесі, немерелері) қайтыс болғандағы жағдайлармен толықтырылды(Еңбек кодексінің 97-бабы 3-т. 3)т.).
23. Түнгі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күніне тура келген кезде еңбекке ақы төлеу түнгі сағаттарға және мереке немесе демалыс күндерінің сағаттарына жеке жүргізілетіні жаңа енгізіліммен белгіленді(Еңбек кодексінің 110-бабы екінші бөлігі).
24.Екінші тарапты қосымша жұмыс тоқтағанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар ете отырып, жұмыскердің – қосымша жұмысты орындаудан бас тартуына, ал жұмыс берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін жоюға құқығы бар.Тапсырманың мерзімінен бұрын күші жойылған немесе жұмыскер қосымша жұмысты орындаудан бас тартқан кезде жұмыс беруші жұмыскерге жұмыс істеген кезеңі үшін жалақы төлеугеміндетті. Бұл жерде лауазымдарды қоса атқару болмаса қызмет көрсету аймағын кеңейту туралы айтылған (Еңбек кодексінің 111-бабы 4-т.).
25.Енді жұмыс беруші жұмыскерге тек жалақының уақытында төленбеу жағдайында емес, сондай-ақ еңбек шартын тоқтатқан кезде жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу мерзімі бұзылған жағдайда да төлеуге міндетті(Еңбек кодексінің 113-бабы 4-т. екінші бөлігі).
26.Мерзімді əскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлер үшін кепілдіктер кеңейтілген. Мысалы, оларға медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді əскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Мерзімді əскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуға немесе әскери жиындардың аяқталуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті(Еңбек кодексінің 124-бабы 3-т.).
27.Әлеуметтік жәрдемақы төленбейтін еңбекке уақытша қабілетсіздік жағдайларының тізімі толықтырылды: жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін (Еңбек кодексінің 133-бабы 4-т. 6) және 7)т.).
28. Вахта жұмыскерлеріне қатысты өзгерістер енгізілді:
Жұмыс беруші жиналу пунктінен жұмыс орнына дейін және одан кері жеткізіп салуды қамтамасыз етуге міндетті.
Жұмыс берушіге жұмыскерді тек жұмыс жүргізілетін объектіде ғана емес, сондац-ақ тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) болуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету міндеті бекітілген.
Жұмыскерге вахтада болған кезінде жұмыс жүргізілетін объектіде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) жұмыс беруші белгілеген тәртіптемені сақтау міндеті бекітілген(Еңбек кодексінің 135-бабы 2-т.).
29.Жұмыстың вахталық әдісі кезінде белгілі бір жұмысты орындау кезеңі ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді(Еңбек кодексінің 135-бабы 5-т.).
30.Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына кейіннен жұмыскерге жұмыс істеген сағаттары үшін демалыс күндері (сағаттары) беріле отырып, еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыс уақыты режимін (бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасынан) вахталық жұмыс әдісіне өзгертуге жол беріледі(Еңбек кодексінің 135-бабы 5-т.екінші бөлігі).
31.Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек міндеттерін қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалатыны туралы жаңа норма енгізілді (Еңбек кодексінің 138-бабы 4-т.).
32. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбегін реттеу ерекшеліктері алқалы атқарушы органның мүшелеріне, ішкі аудит қызметі жұмыскерлеріне және корпоративтік хатшыға қолданылады (Еңбек кодексінің 140 –бабы).
33. Әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің құрамына өзгерістер енгізілді. Мысалы, жұмыс берушілер өкілдері енді Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері емес, жұмыс берушілер бірлестіктері болып табылады(Еңбек кодексінің 148–бабы 3-т.).
34.Жеке еңбек дауларын шешу үшін келісу комиссиясына алдын ала жүгінуді қажет етпейтін тұлғалар тізімі өзгертілді:
- микрокәсіптіксубъектілержұмыскерлері;
- жұмыскерлерінің саны он бес адамнанаспайтынкоммерциялықемесұйымныңжұмыскері;
- үй жұмыскерлері;
- заңдытұлғаныңжеке-дара атқарушы органы, заңдытұлғаатқарушыорганыныңбасшысы,сондай-ақзаңдытұлғаныңалқалыатқарушыорганыныңбасқа да мүшелері;
- әскериқызметтетұратынжұмыскерлерге, арнаулымемлекеттікжәнеқұқыққорғауоргандарыныңқызметкерлеріне, мемлекеттікқызметшілер(Еңбеккодексінің 159-бабы 1-т.)
35.Өтінішберушініңжазбашакелісіміболғанкездедаудыоныңқатысуынсызқарауғажолберіледі(Еңбеккодексінің 159-бабы 4-т.).
36.Егер бұрын жеке еңбек дауының тарапы келісу комиссиясының шешімі орындалмаған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы болса, қазір белгіленген мерзімде мәселелер реттелмеген жағдайда да жүгіне алады (Еңбеккодексінің 159-бабы 7-т.).
37.Келісукомиссиясыныңмүшелерін оқыту туралы норма өзгертілді. Қазір мазмұны төмендегідей - келісу комиссиясының мүшелеріҚазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқудан өтуге міндетті(Еңбек кодексінің 159-бабы 8-т).
38.Келісу комиссияларына жүгінудің белгіленген мерзімі дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда, келісу комиссиясына жүгіну мерзімін қайта бастау және дауды мәні бойынша шешу құқығы берілді. Және келісу комиссиясы дәлелді себептерге жататындығын не жатпайтындығын дербес айқындайды.
Келісу комиссиясына жүгінбей, сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарына қатысушылар үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
- жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап үш ай;
- басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл(Еңбек кодексінің 160-бабы).
39.Бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты үшін бұрынғыдай орташа жалақысы емес, жалақы төленеді. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін же жұмыскерге жалақы төлейді(Еңбек кодексінің 161-бабы).
40.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта қызметкер бұрынғыдай орташа жалақысы емес, жалақысының сақталуына құқығы бар(Еңбек кодексінің 181-бабы1-т. 8)т.).
41.Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіру және оның жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру міндеттерімен толықтырылды (Еңбек кодексінің 182-бабы2-т. 18)т.).
42.Құрылыс алаңында бір мезгілде бірнеше ұйым жұмыс жүргізген кезде олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауы бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруді бас мердігер жүзеге асыратыны туралы ереже көзделген(Еңбек кодексінің 184-бабы6-т.).
43.Жұмыс берушінің мүддесіне жеке бастамасы бойынша жұмыскерлердің өзге әрекеттер жасауы, бұрынғымен салыстырғанда еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынбайды(Еңбек кодексінің 186-бабы2-т.).
44. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның) міндеттерінің бірі кеңейтілді. Енді олар жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді және білімін тексеруді ұйымдастыруға міндетті(Еңбек кодексінің 202-бабы5-т., 2)т.).