КӘСІПОДАҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОЛДАУДА
Кәсіподақтың тағы бір жеңісі! Атап айтқанда, мұндай жеңістер аз емес және бұл туралы айтпауға тағы да болмас. Себебі, жеңістің жеңінде көпшілік ұстаздар қауымы бар.
Кәсіподақтар жұмысының негізгі мақсаты өз мүшелерінің өкілеттілігін таныту және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау болып табылады. Сауықтыруға арналған жәрдемақыларын толық алмаған және өткен мерзімге төленбеген өсімақыларын қайтару бойынша сотқа жүгінген кәсіподақ мүшелеріне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақмола облыстық ұйымы қолдау көрсетті.
Ақмола облысының Шортанды аудандық соты кәсіподақ ұйымының ұстанымын қолдай отырып, жұмыскерлердің талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.