ПЕДАГОГТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Соңғы уақытта Cалалық кәсіподаққа еліміздегі ұстаздар қауымынан мектеп директорларының білім ордаларындағы жөндеу жұмыстарына педагогтарды тартуға қатысты кестелер әзірлеп жатқандығы туралы шағымдар түсуде. Жұмыс беруші педагогтардың кәсіби қызметін қамтамасыз ететін нормаларды бұзған жағдайда, олар қайда жүгіну керек? Төменде Сіздердің жекелеген құқықтарыңызды қорғауға қатысты Салалық кәсіподақтың ресми түсініктемесін жариялаймыз.
Сонымен қатар, Салалық кәсіподақ әрдайым кәсіподақ мүшелерінің құқығы мен кәсіби мүдделерін қорғайтынын қаперге береміз.
Педагогтарға, кәсіптік қызметіне тиісті емес міндеттер жүктелген жағдайда, келесі маңызды құқықтық нормалар мен шартты іс әрекеттерді білген жөн:
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының 6-бабы 2-тармағында педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттері мен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;
4) оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының 6-бабы 3-т. сәйкес, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейді.
Заңды бұзушы кінәлі тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 409-бабының 7-3 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 730-бабына сәйкес, 409-баппен (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер білім беру саласындағы Уәкілетті органмен қаралады.
Жергілікті жерлерде аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қарауға құқылы.
Педагогтарды кәсіптік міндеттері мен байланысты емес жұмыс түрлеріне, есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға, лауазымдық міндеттеріне қатысы жоқ жұмыстарға тартуы бойынша нақты шағымдар түскен жағдайда, ҚР БҒМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің жергілікті департаменттері құқық бұзушылықты жоспардан тыс тексеру үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет органдарында тіркеп, оны білім беру ұйымына барумен немесе бармай-ақ жүргізеді.
Құқық бұзушылық фактісін дәлелдейтін материалдар:
педагогтердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыс түрлеріне тартылғанын растайтын фото және бейнежазбалар, хаттардың, бұйрықтардың, актілердің, хаттамалардың көшірмелері немесе басқа да материалдар;
жазбаша тапсырмалар немесе олардың көшірмелері, бұйрықтардың көшірмелері, есеп беру нысандарының көшірмелері мен педагогтен білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептіліктің немесе ақпараттың талап етілуін растайтын басқа да материалдар;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерудің жүргізілгенін растайтын фото немесе бейнежазбалары, күні, тексеруші тұлғалардың аты-жөні, тексерудің мәні және басқа да материалдар;
тауардың немесе көрсетілетін қызметтің фото немесе бейнежазбасы, сондай-ақ, сатып алу рәсімдері, чектері, тауарлық шоттар, шот-фактуралар, түбіртектер мен басқа да материалдар;
мектеп ұйымдастырмағаніс-шараларға қатысқанын растайтын фото немесе бейнежазба, хаттардың, бұйрықтардың, актілердің, хаттамалардың көшірмелері немесе педагогтің іс-шараларға жіберілгенін растайтын басқа да материалдар бұзушылық жасау фактісін дәлелдейді.
Аталған құқық бұзушылықты бірінші рет жасағандарға әкімшілік ескерту беріледі, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін лауазымдық тұлғаларға жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –60, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 80, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 120 айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Педагогтар, кәсіби қызметін қамтамасыз ететін нормалары бұзылған жағдайда,
өңірлер бойынша келесі мекен-жайға хабарласа алады ...
-
Фото
-