28 СӘУІРДЕ ӘЛЕМДЕ ЖЫЛ САЙЫН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ
Кез келген еңбек қызметі нәтижесінің құндылығы жұмыскердің өмірі мен денсаулығының құндылығынан артық болуы мүмкін емес.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 2020 жылдың 28 сәуір күні «Пандемияны тоқтату: жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық өмірді сақтауы мүмкін» ұранымен өтіп жатыр. Мәселені мойындай отырып, әлемде үкімет, жұмыс берушілер, жұмысшылар мен бүкіл қоғам COVID-19 пандемиясымен күресуде. Дүниежүзілік күн жұмыс орындарындағы инфекциялық аурулардың тарауымен күреске бағытталған.
Қазақстан басты мақсаты зиянды еңбек шарттары бар жұмыс орындарын және қайғылы оқиғалар санын азайту болып табылатын «VisionZero – нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасына қосылды.
Қоғамда білім саласының өндіріспен байланысы жоқтығы, сонымен қатар, бұл жерде еңбекті қорғау мәселелері аса көп назар аударуды қажет етпейтіндігі туралы пікір қалыптасқан. Алайда, нақты жағдайлар кері пікір туғызып отыр.
Білім саласында еңбек қызметіне байланысты жыл сайын зардап шеккен жұмысшылар саны 300 адамнан кем емес. Олардың жартысынан көбі – ауыр деңгейдегі жарақаттар.
Жұмыс уақытын жоғалту жыл сайын еңбекке жарамсыз 20 мың адам-күнді құрап отыр;
Материалдық залал – 50 млн. теңге көлемінде;
Бұл мәліметтер жарақаттанудың алдын алу және еңбек қауіпсіздігінің күн тәртібінен түспеуін растайды. Білім ұйымдарындағы жарақаттанушылық себептері: жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, жетекшілер мен мамандардың еңбекті қорғау бойынша оларға жүктелген міндеттерді атқармауы, еңбек тәртібін бұзу, қарапайым жұмыс жағдайларының болмауы, сондай-ақ, педагогтарды өздеріне тән емес жұмыстарға тарту.
Кәсіподақ жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету үшін не істеді?
Кәсіподақ мамандары еңбекті қорғауды басқарудың салалық жүйесі туралы Ереже әзірледі. Ол әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссиямен бекітілген.
ҚР Еңбек кодексі күшіне енгеннен бастап біз елімізде бірінші болып Өндірістік кеңес туралы үлгілік, Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы ережелерді, Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеп, қолданысқа енгізілді.
Білім кәсіподағына қарасты білім бері ұйымдарында бүгінде 9 300 астам өндірістік кеңестер жасақталды, 9350 техникалық инспектор жұмыс істейді.Олардың бәрі қажетті оқытудан өткен. Еңбекті қорғау жөніндегі шаралардың орындалуына қатысты келісімдер мен ұжымдық шарттардың жергілікті жерлерде жүзеге асырылуын кәсіподақтардың бақылауын күшейту шаралары жүргізілуде.
Жыл сайын Салалық кәсіподақ еңбекті қорғау жөніндегі «Үздік техникалық инспекторы» байқауын өткізеді.
Салалық кәсіподақ Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы өткізетін республикалық байқауына белсенді қатысады.
Осы шаралардың бәрі кәсіподақ ұйымдарының, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық инспекторлардың жұмысының нәтижесін көтеруге бағытталған.
Біздің басты мақсатымыз – білім беру ұйымдарында жарақаттану жағдайларына жол бермеу. Біз бұларды жүзеге асырылатын және орындалатын міндеттер деп есептейміз.
Кәсіподақ қауіпсіз еңбекті ұйымдастыруға бөлінетін қаражаттардың үлесін арттырту бағытында жұмысын жалғастыруда.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ