Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшамызда 2020 жылғы 22-сәуірдегі тікелей эфир барысында түскен сұрақтарға жауаптарымызды жариялаймыз
Не себепті мектеп кітапханалары қызметкерлерінің жалақылары 1-қаңтардан бастап көбейтілген жоқ?
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 4-тармағы 2) тармақшасымен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылатыны анықталған.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетінің 2017 жылғы 11-мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МС 01-2017 Ұлттық Сыныптауышына сәйкес кітапханашылар (ғылыми-техникалық кітапханалардың кітапханашыларынан басқа) мәдениет саласындағы мамандар болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19-желтоқсандағы № 940 толықтырулар енгізу туралы қаулысымен, 7-Қосымшаға /Мәдениет және архив ісі саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар/ толықтырулар енгізіліп, соған сәйкес 2020 жылғы 1-қаңтардан бастап республикалық кітапханалар қызметкерлеріне, кітап қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде халыққа тікелей қызмет көрсетумен байланысты жұмыстары үшін лауазымдық айлықтан 50 % мөлшерінде, жергілікті атқару органдары кітапханаларының қызметкерлеріне – лауазымдық айлықтан 35 % мөлшерінде қосымша ақы тағайындалды.
Біз жоғарыда келтірілгендерді ескере отырып, білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметкерлері жоғарыда көрсетілген қосымша ақыны алуға құқылы деп есептейміз. Дегенмен, бұл қосымша ақы төленбей отыр.
«Кәсіподақтар туралы» ҚР заңының 18-бабын, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық Келісімнің 1.6 т. басшылыққа ала отырып, Кәсіподақ блім саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға астана, облыстардың, республикалық маңызды қалалардың білім беру басқармасы органдарына қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті түсіндірмелер жіберу туралы ұсыныс білдірді.
Егер мәселе шешілмеген жағдайда, кәсіподақ ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңы аясында өз мүшелерінің құқықтарын қорғау жөнінде әрекет жасайды.
Бізге 2019 жылғы қарашадағы аттестаттау нәтижесі бойынша біліктілік санаты үшін ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан бастап төленген қосымша ақының тек бір рет 1-қыркүйектен бастап төленуіне байланысты ұсталатынын ескертті. Бұл дұрыс па?
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы» №40 бұйрығының 5-тармағы 5) тармақшасымен біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан еткен мұғалімдерге белгіленген қосымша ақыларды қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне айлық жекелеген қосымша ақылардың және үстеме ақылардың мөлшерлерін өзгерту, егер біліктілік санатын тіркеу кезінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде № 13317 тіркелген, ҚР Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 27-қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартымен басқасы көзделмесе, оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап жүргізілетіні анықталған.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 20-қаңтардағы №40 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінің 40-тармағы 11) тармақшасына сәйкес біліктілік санаты үшін қосыша ақы ұлттық біліктілік тестілеуінен сәтті өткен және тиісті біліктілігін растау қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27-қаңтардағы №83бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартының 60-, 90-тармақтарына сәйкес ұлттық біліктілік тестілеу оқу жылы ішінде екі рет қаңтар айынан наурыз айына дейін, тамыз айынан қараша айына дейін өткізіледі. Біліктілік санатын алу (растау) туралы бұйрық та оқу жылы ішінде екі рет, ағымдағы жылдың 15-шілдесінен және 25-желтоқсанынан кешіктірілмей шығарылады.
Жоғарыда келтірілген құқық нормаларына сүйене отырып, біліктілік санаты үшін қосымша ақы аттестаттау қорытындысы бойынша, сәйкес жылдың 1-қыркүйегінен және 1-қаңтарынан бастап тағайындалуы тиіс.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 20-қаңтардағы №40 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білімберу ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінің 11-тармағына сөзбе-сөз түсіндіру дұрыс емес. Аталған норма кеңінен талқылануы тиіс.
Мұғалімдерге вакант сағаттардан берілген оқу жүктемесі тарифтелмеген жүктеме ретінде қарала алмайды. Тарифтік тізімге кіргізілмеген оқу сағаттарын педагогтың оқытуына беру еңбек жағдайларын өзгерту болып табылады.
ҚР Еңбек кодексінің 46-бабы 1-т. сәйкес еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерініңкәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық Келісімнің 4.4 тармағымен, педагог қызметкерлерге оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында көрсетіледі және тек еңбек шартына қосымша келісім жасау арқылы ғана тараптармен өзгертілуі мүмкін екені анықталған.
Сонымен, педагог қызметкердің оқу жүктемесінің көлемін көбейту немесе азайтуға қатысты еңбек жағдайын өзгерту кезінде қайта тарифтеу жасалады.
Жоғарыда аталған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білімберу ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінің 1-тармағымен, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу педагогикалық жұмыстың нақты көлемін ескере отырып жүргізілетіні анықталған.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 4-Қосымшаға берілген Ескертпенің 2-т. сәйкес оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезеңінде педагогтерге еңбекақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде (қосымша ақы есебімен) белгіленген жалақы есебімен жүргізіледі.
Сондықтан, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне каникул кезеңінде олардың нақты оқу жүктемесін ескермей жалақы есептеу заңсыз болып табылады.
Не себепті білім беру ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің жалақылары 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап көбейтілген жоқ?
Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың медицина қызметкерлерінің мәртебесін 2020 жылғы 1-қаңтардан бастап арттыру жөніндегі шаралар аясындағы тапсырмасына сәйкес, елімізде дәрігерлердің жалақысы 30% және орта медицина персоналының жалақысы 20% арттырылды.
Бұл арттыру бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізілуіне байланысты, еңбек қызметін мемлекеттік мекемелерде және қазыналық кәсіпорындарда жүзеге асыратын медициналық қызметкерлер-азаматтық қызметшілерге қатысы болмады.
Сондықтан, білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен білім алушыларға медициналық қызмет көрсететін дәрігерлер мен мейірбикелер үшін еңбек ақының деңгейі бұрынғы күйінде қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жағдайдағы тапсырмасы толық көлемде орындалған жоқ деп ойлаймыз.
Ағымдағы жылдың басынан бері экономиканың мемлекеттік секторындағы бірқатар қызметкерлердің, соның ішінде медициналық және педагогикалық қызметкерлердің, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақыларын арттыруды ескерсек, еңбек ақы төлеуде айтарлықтай сәйкессіздік туындады.
Мемлекеттік денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірдей еңбек міндеттерін орындап отырған мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің өз еңбектері үшін жалақыны аз алуын әділетсіздік деп есептейміз.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарын көбейтуге қатысты ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінееңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 Қаулысына толықтырулар енгізу арқылы әділдікті орнату шараларын қабылдауға өтініш білдірді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жұмыстың бос тұрып қалу уақытына қалай ақы төленеді?
Егер жұмыс берушінің қызметкерді бос тұрып қалған жағдайда басқа жұмысқа уақытша ауыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалатын және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде белгіленетін ҚР Еңбек кодексінің 112-бабын басшылыққа алуға міндетті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кәсіподақ құрылымдары құрылған еңбек ұжымдарында, бос тұрып қалу уақытына төленетін еңбекақының мөлшері ұжымдық шарттармен және әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімдермен айқындалған және қызметкердің лауазымдық айлығынан төмен болмайды.
Азаматтық қызметшілердің еңбек демалыстарына сауықтыру жәрдемақысы қандай мөлшерде төленеді? Егер тәрбиеші немесе мұғалім бір жарым ставкамен жұмыс жасаған жағдайда қалай болады?
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының 8-бабы 3-тармағымен айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі белгіленген мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарына сауықтыру жәрдемақысының мөлшері еңбек демалысына шығу күнінің нақты оқу жүктемесіне сүйеніп анықталады.
Кәсіподақ бұл мәселе бойынша нақты түсіндірмелерді бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялады.
Аталған айқындама бойынша қолданыстағы құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеудің алдын алу мақсатында, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерініңкәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық Келісімге 9.2 тармағын енгізіліп, онда жұмыс беруші өзіне төмендегідей міндеттеме алды:
«Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде, лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз ету. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленген мұғалімдердің, оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтерінің, тәрбиешілердің, басқа педагог қызметкерлердің сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалып, төленеді».
Келісім оған қол қойған тараптардың орындауға міндетті құқықтық акт болып табылады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 97-бабы 3-т. сәйкес «Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу – ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» (2778 теңге * 400 = 1111 200 теңге).
Біз өнер мектебінде қосымша білім беру педагогтары ретінде жұмыс жасаймыз. Ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан бастап бізге жалақыны республикалық бюджеттен қосымша білім беру ұйымдарына қаражат түспейді деген негізде 25% көбейтусіз төлеп отыр. Бұл заңды ма?
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінееңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 Қаулысының 3-т. 2) тармақшасымен,жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне лауазымдық айлық (тарифтік мөлшерлеме) оның белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде айқындалады.
«Педагог» құқықтық анықтамасы ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 1-бабы 1)тармақшасымен берілген. Педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.
ҚР «Білім туралы» Заңының 1-бабы 39)тармақшасына сәйкес қосымша білім беру - білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі.
ҚР «Білім туралы» Заңының 37-бабы 1-т. сәйкес,балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.
Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.
Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады.
Ересектерге қосымша бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Қосымшабілім беру негізгі білімнің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады, сондай-ақ оған:
мектептен тыс тәрбие мен оқыту;
кадрлардың біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау жатады.
2019 жылғы 4-желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» ҚР заңының 11-бабы 16), 19) тармақшаларымен, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің нысаналы ағымдағы трансферттерін:
мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға бөлу
ҚР Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
Соған сәйкес, «Білім туралы» ҚР заңының 12-бабымен білім берудің төмендегі деңгейлеріне жататын:
1) мектепкедейінгітәрбие мен оқыту;
2) бастауышбілім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) орта білімберу (жалпы орта білімберуді, техникалықжәне
кәсіптікбілім беру);
5) орта білімненкейінгібілім беру;
6) жоғарыбілім беру;
7) жоғарыоқуорнынанкейінгібілім беруұйымдарда қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне 1.25 түзету коэффициентін қолданбай лауазымдық айлықтарды (тарифтік мөлшерлемені) есептеу заңсыз болып табылады.
Логопед-мұғалімдердің, дефектолог-мұғалімдердің еңбекақыларын төлеу мәселесі Шымкент қаласында әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Сұрақ: білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс үшін БЛА-дан 40% үстеме ақы төленуі тиіс пе, егер төленсе қай мерзімнен – 2016 жылдан немесе 2020 жылғы 1-қыркүйектен бастап па? Түсіндіріп беріңізші, өтініш!
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінееңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 Қаулысына 4-Қосымшаның 2-т. 4) тармақшасымен, білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктерімен білім алатын балалармен жұмыс үшін базалық лауазымдық айлықтан 40% мөлшерінде қосымша ақы көзделген. Бұл норма 2016 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданыста және қосымша ақы өзгертілген жоқ.
«ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінееңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 28-қаңтардағы №11 қаулысымен 4-Қосымшаның 2-т. 4) тармақшасына өзгертулер енгізіліп, соған сәйкес аталған тармақшаның редакциясы өзгертілді. Бүгінгі күні ол төмендегідей беріледі:
Мына балалармен:
Дене бітімінің даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен;
білім беру ұйымдарында оқуға тиіс ақыл-ойының даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен; психоневрологиялық патологиясы бар (білім беру ұйымдарындаоқуғатиісемес) балаларменжұмысістегеніүшін
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 50 %
"Білімтуралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан
Республикасының Заңынасәйкес
2020 жылғы 1-қыркүйектен бастап бұл норманың жаңа редакциясы қолданысқа енгізіледі:
Мына балалармен:
білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен;
психоневрологиялықпатологиясы бар (білім беру ұйымдарындаоқуғатиісемес) балаларменжұмысістегеніүшін
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 50 % «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27-желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес
Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Сонымен, білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын логопед-мұғалімдер мен дефектолог-мұғалімдер үшін аталған қосымша ақы алып тасталған жоқ және базалық лауазымдық жалақыдан (БЛА) 40% мөлшерінде төленуі тиіс.