Педагог қызметкерлерге біліктілік санатттары үшін қосымша ақы тағайындау мерзімі туралы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдерінен ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 4-Қосымшасы 7-т. көзделген біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуді тағайындау мерзімінің мәселелері бойынша көптеген өтініштер түседі.
Кейбір білім басқармасы органдарының басшылары осы қосымша ақыны 1-қыркүйекке тарифтеу бойынша жылына 1 рет тағайындалады деп есептейді.
Заңнама нормаларын дұрыс түсінбеудің негізінде, бірқатар аймақтардың педагог қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін артық төленді деген қосымша ақыны жалақыларынан ұстау жөнінде хабарлама алған.
Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 20-қаңтардағы №40 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарыныңқызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінің 5-т. 1) т.т. айына төленетін жекелеген қосымша ақылардың, үстеме ақылардың мөлшерінің өзгеруі, егер, біліктілік санатын ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27-қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шарттарында басқасы көзделмесе, біліктілік арттырудың деңгейлік курстарынан өткен мұғалімдерге, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген қосымша ақыны қоспағанда, оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап жүргізілетіні көрсетілген.
Алайда, ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 20-қаңтардағы №40 бұйрығымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінің 40-т. 11) т.т. «біліктілік санаты үшін қосымша ақы ұлттық біліктілік тестілеуінен сәтті өткен және тиісті біліктілігін растау қорытындысы бойынша жүзеге асырылады», - деп 19.02.2018 ж. жаңа редакцияда белгіленген.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27-қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шарттарының 60-т., 90-т. сәйкес, ұлттық біліктілік тестілеу оқу жылы ішінде екі рет қаңтар айынан наурыз айына дейін, тамыз айынан қараша айына дейін өткізіледі.
Біліктілік санатын алу (растау) туралы бұйрық та оқу жылы ішінде екі рет, ағымдағы жылдың 15-шілдесінен және 25-желтоқсанынан кешіктірілмей шығарылады.
Жоғарыда келтірілген құқық нормаларына сүйене отырып, БІЛІКТІЛІК САНАТЫ ҮШІН ҚОСЫМША АҚЫ АТТЕСТАТТАУ ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША СӘЙКЕС ЖЫЛДЫҢ 1-ҚЫРКҮЙЕГІНЕН ЖӘНЕ 1- ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ТАҒАЙЫНДАЛУЫ ТИІС.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподағы