Қазақстандың салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының білім беру ұйымдарының басшыларына, әлеуметтік әріптестеріне ҮНДЕУІ
Құрметті білім беру ұйымдарының басшылары,
әлеуметтік әріптестер!
Елімізде бірқатар шектеулерді қарастыратын төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын жүргізу кезіңінде жұмыскерлердің еңбекақысы жөнінде көптеген сұрақтар туындауда. Осыған орай, Кәсіподақ осындай қиын жағдайда сала қызметкерлерінің әл-ауқаты, жұмыс орындары мен кадрлық әлеуетін сақтау мақсатында еңбек және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешуге әлеуметтік әріптестік актілерінің шарттарын орындауға біріге атсалысуға шақырады.
Жалақы сала қызметкерлерінің басым бөлігінің жалғыз табыс көзі.
Ұйым басшылары кәсіподақ органдарымен біріге кадрлар құрамын пайдаланудың тиімді мүмкіндіктерін шұғыл шешу қажет.
ҚР Білім және ғылым министрінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығының 1 тармағы, 28 тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылары төмендегі қызметкерлер тобын белгілеуі тиіс:
1-ші топ – білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер, олардың лауазымы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы азаматтық қызметкерлер лауазымдары тізілімінің C, D буындарында белгіленген, осыған қоса жұмысшылар. Олардың еңбекақылары толық көлемде төленуі тиіс.
2-ші топ – қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер:
- оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын барлық пәндер педагогтері, - - кеңес беру, онлайн мастер-кластар, ойындар мен т.б. түрінде психологиялық көмек көрсететін педагог-психологтар;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұйымдастырылуына мониторингті жүзеге асыратын, қашықтық режимде мектепішілік конкурстарға білім алушылардың қатысуын, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылармен, девиантты мінез-құлықты балалармен, жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер, қосымша білім беру педагогтері;
- онлайн кітапханалардың жұмысын, ұсынылатын басылымдар бойынша жұмысты, кітаптарды оқу мониторингісін және басқа да қашықтық жұмысты жүзеге асыратын кітапханашылар;
- жеке онлайн-консультацияларды жүзеге асыратын дефектологтар/логопедтер;
- зертханалық және практикалық, сонымен қатар басқа да функцияларды және т.с.с. жұмыстарды қашықтық режимде өткізуді және орындалуын тексеруді жүзеге асыратын физика, химия, биология, информатика кабинеттерінің, лингафондық-мультимедиалық кабинеттердің зертханашылары. Олардың еңбекақылары толық көлемде төленуі тиіс.
3-ші топ - кесте бойынша және кестеден тыс өтініші бойынша еңбек демалысына жіберілетін қызметкерлер. Олардың қатарына тәрбиешілер, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың басқа да қызметкерлері, педагогтер және қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуға тартылмаған қосымша білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері, педагогтер және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар-дың, білім беру жүйесінің оңалту орталықтарының басқа да қызметкерлері, жұмыс беруші айқындайтын білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері кіруі тиіс.
Кәсіподақ ақылы еңбек демалысын беру және еңбекақы төлеу мәселелеріне, сонымен қатар жұмыстың бос тұрып қалу режиміне ауыстырылған қызметкерлердің төлемдері туралы нақты түсіндірмелерін дайындап, пайдалануға ұсынды.
Аталған түсіндірмелер Білімді ел газетінің № 12(217) нөмірінде, сондай-ақ Білім кәсіподағының www.edu-tradeunion.kz сайтында және Facebook и Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Бірлескен күш-жігерімізбен келеңсіз жағдайларды азайтуға және жұмыс істеуге қолайлы жағдайларын жасауға шақырамыз.