ӘБДІҚАДЫРОВ САДЫҚ НҰРСАПАҰЛЫ кенеттен қайтыс болды
28 наурыз 2020 жылы 66 жасқа толған шағында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ӘБДІҚАДЫРОВ САДЫҚ НҰРСАПАҰЛЫ кенеттен қайтыс болды.
Әбдіқадыров Садық Нұрсапаұлы 1954 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген.
1981 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы - тарих пәнінің мұғалімі.
Садық Нұрсапаұлы Талдықорған облысының білім беру саласының дамуына зор еңбек сіңірген. 10 жылға жуық Кербұлақ аудандық білім бөлімін басқарған. Көпжылғы еңбегі үшін «КСРО халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен (1989 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2011 ж.), «Құрмет» Орденімен (2016 ж.) марапатталған.
2017 жылдан бері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып қызмет етті.
Облыстың кәсіподақ ұйымын басқарған тұста Садық Нұрсапаұлы өзін ұйымдастыру қабілеті жоғары, білікті басшы ретінде көрсете білді. Аймақтағы кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға өлшеусіз үлес қосты. Өзінің терең білімі, мақсаткерлігі, қарапайымдылығы, әділдігі арқасында ол облыстағы педагогтардың арасында зор бедел мен құрметке ие болды. Өңірдегі кәсіподақ қозғалысының дамуы жолында қабілет-қарымын аямаған Садық Нұрсапаұлының еңбегі кейінгі толқын жас мамандарға үлгі. Марқұмның мезгілсіз дүниеден озуы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі үшін орны толмас қайғы.
Салалық кәсіподақ және оның мүшелік ұйымдары ардақты әке, аяулы жар, кәсіподақ көшбасшысы - Әбдіқадыров Садық Нұрсапаұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына, отбасына қайғырып, көңіл айтады.