Кишиневте Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының съезі өтті
5-ші наурызда Молдова Республикасының Кишинев қаласында салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кезекті VII съезі өтті. Съезд жұмысына Европа елдері білім саласы кәсіподағы ұйымының президенті Кристин Блоуэр, Молдова Республикасының Білім министрі Корнелий Попович, Молдова мемлекетінің кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы Олег Будза сонымен қатар шетелден келген бірқатар қонақтар қатысты. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының атынан Құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Мамашиқызы Қыдырбаева съезге қатысушыларды құттықтап, съезд жұмысына сәттілік тіледі.
Съезде елдегі салалық білім кәсіподағының 2015-2020 жылдары атқарған қызметінің есебі тыңдалып, алдағы бес жылға арналған жұмыстарының негізгі мақсаттары бекітілді.
Съезд жұмысының қорытындысында Молдова Республикасының Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып Геннадий Донос сайланды.
-
Фото
-