Бүгін Салалық білім кәсіподағының көп жылдар бойы ...
Бүгін Салалық білім кәсіподағының көп жылдар бойы төрайымы болған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантаева Майра Тұрғанқызының туған күні. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева Майра Тұрғанқызын жаңа жасымен құттықтап, елдегі кәсіподақ қозғалысына қосқан айрықша үлесіне алғыс білдірді.
"Майра Тұрғанқызының біліктілігі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қазір Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы елдегі ең ірі, беделді ұйым болып отыр" деп атап өтті Айгүл Мақсатқызы.
ҚР Білім министрінің орынбасары Бибігүл Асылова Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауын жеткізді. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың құттықтау сөзін оқып берді. "Майра Тұрғанқызының белсенді түрде араласуымен елімізде студенттер ісі жөніндегі Республикалық кеңес құрылды. Кеңестің мақсаты оқушы жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, жоғары білікті мамандарды даярлауға және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. М.Т.Амантаеваның «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Құрмет орденімен, «Еңбек ері» медалімен және ҚР Білім министрлігінің құрмет белгілерімен марапатталғаны оның қызметіне берілген жоғары бағаның куәсі», - деп жазылған Министрдің құттықтау хатында.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова өз сөзінде Майра Тұрғанқызының елдегі білім саласының дамуына қосқан үлесін айрықша атап өтіп, Білім министрлігі мен Салалық білім кәсіподағының арасында әлеуметтік әріптестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.