Елордада еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшылары арасында жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы»
Елордада еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшылары арасында жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР Парламентінің депутаттары, еңбек ардагерлері мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері де қатысты.
Салтанатты шара басында Бердібек Сапарбаев меценаттар мен кәсіпкерлерге «Шапағат» медалін, ҚР Президенті мен Премьер-Министрінің атынан алғыс хаттарын табыс етті. ҚР Парламенті Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова ардагерлерге «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.
«Үздік еңбек әулеті» номинациясында Елордалық Еңсебаевтар әулеті бірінші орынға, Шығыс Қазақстан облысынан келген Сағадиевтер әулеті екінші орынға, ал Атыраулық Жұмағалиевтердің ұстаздар әулеті үшінші орынға ие болды. Байқау жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен марапатталды.
-
Фото
-