Кәсіподақ ұстаздарды ұлықтады
Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашеваның Жезқазған қаласына жұмыс сапары барысында білім және ғылым саласына қосқан сүбелі үлесі үшін бірқатар пеагог-мамандар марапатталды. Атап айтсақ, Қарағанды облысы «Ұлытау ауданының білім бөлімі» ММ №11 Қарақұм орта мектебінің ардагер-ұстазы - Арыстанбеков Елтай, Жезқазған қаласы №4 орта мектебінің физика пәні мұғалімі - Люкаева Галина Анатольевна "Еңбек ардагері" медальдарымен, Жезқазған қаласының Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі - Құсайынова Күлжахан Қабланқызы мен Сәтбаев қалалық білім бөлімінің экономист-маманы - Егорова Галина Алексеевна «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мекемесіне қарасты «№3 «Балбөбек» бөбекжайының директоры Қадырбаева Алмира Қырғызбайқызы мен Сәтбаев қаласындағы №5 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жақыпова Сәуле Жолдыбайқызына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталары табысталды.
-
Фото
-