М.Амантаеваның Ақтөбеге іс сапары
Ақтөбе өңіріне «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы ресми іс-сапармен келді.
Іс-сапарының бірінші күні Майра Тұрғанқызы облыс әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Тоқжанов Марат Лұқпанұлымен, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы белсенділерімен кездесті.
Кәсіподақ белсенділерімен кездесуге 100-ден астам аудандық, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, жоғарғы оқу орынының, кәсіптік білім беру мекемелерінің, облыстық мектептердің ұстаздары, әлеуметтік серіктестер қатысты. Кездесу барысында Майра Тұрғанқызы әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты діңгегі – ұстаз берген білім екенін, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақты тәрбиелеу аса зор жауапкершіліктің жүгі – ұстаздың үлесіне тиетінін айта келе ұстаздың одан әрі кәсіби өсуіне, шыңдалуына мемлекет қоғам тарапынан қолдау аса қажет екенін атап өтті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйым және оның негізгі мақсаты өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Сала қызметкерлерінен жылына көптеген хаттар, арыз-шағым, өтініштер, телефон, әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен материалдарды қарап жауап бере отырып, оларға сараптама жасалатынын: арыздың туындау себептері, қай өңірден, қандай мәселе толғандырады, оларды тиімді шешудің жолдары қарастырылатынын, 2018 жылы 2074 жазбаша өтініш-шағымдар қаралса, осы жылдың жарты жылдығында 1048 қаралды, оның ішінде 137-і Ақтөбе өңірінен болғандығын айтты. Мысалы, бірінші орында ұстаздардың еңбек ақылары мардымсыз екені, ұстаз кәсібіне жастардың құлқысыз екенін айтса, екінші, кәсіби міндеттері мен еңбек құқықтарының бұзылуын айтады.
Осы орайда, Өкімет отырысында қаралып, бекітілген «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қоғамдағы педагогтың орны мен рөлін айқындап, заманауи талаптарға бейімдеп, үш жақты, яғни білім алушыға, ата анаға, ең бастысы, педагогтың өзіне қалыпты, мүмкіндігі мол ортада жұмыс істеуіне ыңғайлы және жан жақты қорғалуын қамтамасыз ететін заңға айналуы тиіс, деп күтудеміз дей келе Заң жобасы әлеуметтік кепілдіктердің басым бөлігінің орындалуы жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілгені, кепілдіктердің орындалу мүмкіндігін шектейді. Президент пәрменімен қолға алынған заң жобасында педагогтардың, оның ішінде ауылдық жердегі педагогтардың әлеуметік кепілдіктерін нақтылап, қаржыландыру көздерін көрсету қажеттігі туындап отырғанын, осы тұста Салалық кәсіподақ бірнеше рет Парламент депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының басшылары, педагогтар, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, Кәсіподақтар федерациясының өкілдері және заң жобасын даярлау жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын тақылау барысындағы үлкен жиындарда жергілікті бюджет қаражатының құралу көздеріне өзгерістер ендіру қажеттігін көтергенін айтып өтті.
Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық білім және ғылым кәсіподағы «Арыс біз сіздермен біргеміз» акциясына белсене катысып, жарты миллион теңге каржылай көмек көрсеткенін, сала қызметкерлерін материалдық моральдық тұрғыда қолдау мақсатында әр жылы 500 ден астам ұстаздарға сауықтыру орындарына жолдама беру, оның 250-і 100 пайыз облыстық кәсіподақ есебінен, сонымен қатар, өңір аудандары арасында Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесіне орай 12-13 көп балалы педагог аналарға 100 мың теңгеден сыйлық ақымен марапаттап отыруды дәстүрге айналдырғанын, педагог кадрлардың еңбек жалақысы көтерілетінін, білім қызметкерлерінің коммуналдық төлемдері мен іс-сапар шығындарының уақытында төленуі,қоғамдық бақылау жүргізу, Салалық кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары мен жоспарлары туралы баяндады. Салалық кәсіподақтың заңгері Қыдырбаева Райхан Мамашиевна қатысушылардың көптеген сұрақтарына толық та нақты жауаптар берді.
Іс-сапарының екінші күні Майра Тұрғанқызы «Білім және ғылым» тақырыбындағы дәстүрлі облыстық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысты. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлымен кездесу барысында облыстың білім саласындағы жаңалықтарымен танысты. Облыстық тамыз кеңесінің барысында М.Амантаева облыс ұстаздарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, салалық кәсіподақта жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Тамыз кеңесіне 1200 педагог қатысты.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-