САЙЛАУАЛДЫ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Семей қаласында ағымдағы жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы штабының үгіт-насихат жұмыстары аясында сала қызметкерлерімен кездесулер өтті.
Семей қаласының Технология, Бизнес және сервис колледждарында және Кәсіподақтар үйіндегі кездесулерде сайлауалды аймақтық штабы, Салалық кәсіподақтың аймақтық ұйымының төрағасы С.М. Ыбраев алғы сөзінде жалпы сайлаудың маңыздылығын атап өтіп, үміткер А.Таспиховтың өмірбаяны және сайлауды тұғырнамасымен таныстырып, алдағы саяси науқанға жаппай қатысып, азаматтық белсенділік көрсетуге шақырды. Кездесулерде үміткердің сенімді өкілдері - ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Е.Я.Каппель, ақпараттық - талдау орталығының директоры С.Ж.Мұқашев, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы орынбасары А.М.Мұқашева, ШҚО Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Т.Ж.Қасымжанов қатысып, өз сөздерінде үміткердің сайлауалды тұғырнамасының басты ерекшеліктеріне қатысушылардың назарын аударды.
Сонымен қатар, А.М.Мұқашева үміткердің тұғырнамасындағы лайықты еңбекақы, ұстаздардың еңбек құқын қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайы, сапалы және тегін білім беру, сонымен қатар, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру жөніндегі блоктарының мәнін айқындап, бүгінде білім саласындағы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелермен ұштастырып, дәйекті мысалдар келтірді.
Кездесулер барысында салалық кәсіподақ өкілдері білім беру ұйымдары қызметкерлерінің толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына толық жауаптарын беріп, ризашылықтарын алды.
-
Фото
-