Атырау қаласында облыстың білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша семинар-кеңес өтті
2019 жылғы 21 мамырда Атырау қаласында облыстың білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша семинар-кеңес өткізіліп, оны Атырау облыстық ұйымының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы ашты.
Семинар-кеңеске Қазақстандық салалық білім жне ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы-техникалық еңбек инспекторы Алиев Батыр шақырылып, ол Кәсіподақтың техникалық инспекциясының қызметі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне, соның ішінде: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңесті құруға; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктеріне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптары туралы ақпарат берді. Семинарға қатысушыларға техникалық инспекторлардың күнделікті жұмысын ойдағыдай құруға септігін тигізетін қадамдық алгоритм ұсынылды.
Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде, ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындауда техникалық инспекторлармен анықталған заңнама талаптарының неғұрлым кең таралған бұзушылықтары талқыланды.
Семинар-кеңес қатысушылары сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен бекітілген 2019 жылы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Жылын» өткізу жөніндегі Жол картасын талқылады.
Семинар соңында пікірталас сағаты өткізіліп, онда қатысушылар өз пікірлерімен және ақпараттарымен алмасты, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап алды.
-
Фото
-