«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауына қорытынды жасалды
Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні Алматы қаласында өткізілген Салалық кәсіподақтың еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған Республикалық семинар-кеңес аясында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауына қорытынды жасалып, жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.
Байқау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарында қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына заңды құқықтары мен мүдделерін қадағалау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендету, техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру мен ынталандыру мақсатында өткізілді.
Байқау комиссиясының шешімімен Байқаудың жүлделі орындары төмендегідей бөлінді:
1 топ – мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары үшін:
I орын – Еремина Лилия Геннадьевна, «Павлодар қаласы М.Әуезов атындағы№42 ЖОББ мектеп» ММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары, 200000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы.
II орын – Мусурманов Шухрат Совранович, «М. Шоқай атындағы №26 ЖОББ мектеп» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, АӘД ұйымдастырушы-оқытушысы, 150000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы.
III орын – Ярынюк Надежда Андреевна, «Қызылорда қалалық білім бөлімі Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектеп» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, дене шынықтыру мұғалімі, 100000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы.
2 топ – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдары, жоғары оқу орындарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларыүшін:
Iорын – Горлов Михаил Павлович, «Орал политехникалық колледжі» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, 200000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы.
IIорын – Қосаев Ерлан Аманбекұлы, «Қызылорда қ. М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі» МКҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, өндірістік оқыту шебері, 150000 теңгемөлшерінде ақшалай сыйақы.
III орын – Глущенко Виктор Васильевич, «Нұр-Сұлтан қаласы политехникалық колледжі» МКҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, оқу шеберханаларының меңгерушісі, 100000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы.
Байқаудың барлық номинанттарына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағы берілді.
Байқауға белсенді қатысқаны үшін ынталаныру наградаларын және 20000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы алғандар:
- Нүркенова Ақмарал Бигалиқызы, Алматы қ. білім Басқармасының «№76 ЖОББ мектеп» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, көркем еңбек мұғалімі;
- Халак Тамара Андреевна, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№4 орта мектеп» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, тарих мұғалімі;
- Бектеміров Нұржан Рысқалиұлы, «№ 4 Мәртөк ЖОББ мектеп» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;
- Захаирова Гүлмира Әбдыкәрімқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Нұршуақ» № 20 балалар бақшасы» МКҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, шаруашылық меңгерушісі;
- Стрельченко Лариса Анатольевна, Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;
- Ибрашева Райхан Болатқызы, «Батыс-Қазақстан облысы Бөрлі ауданының балалар музыка мектебі» МКҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, іс жүргізуші;
- Кенжебекова Оксана Станиславовна, Шахтинск қаласы әкімдігінің «№5 гимназия» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;
- Жусупова Зинеш, №28 ЖОББ мектеп» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, математика мұғалімі.
Байқауды өткізу Кәсіподақтың техникалық инспекторлары арасында үлкен қызығушылық тудырды. 2019 жылдан бастап Байқауды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
-
Фото
-