Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес
Алматы қаласында 2019 жылғы 26 сәуірдеҚазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған «Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізіліп, оны салалық кәсіподақ Төрайымы Майра Тұрғанқызы Амантаева ашты.
Аталған семинар-кеңес жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға ықпал ету мақсатында жыл сайын 28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымымен өткізілетін Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналды. ХЕҰ жүз жылдығы аясында ағымдағы жылы Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні «Еңбекті қорғау және еңбек саласының болашағы» ұранымен өткізіледі.
Семинар-кеңеске Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі жауапты қызметкерлері және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауының қатысушылары шақырылды.
Семинар-кеңес жұмысына салалық кәсіподақтың бас маманы-техникалық еңбек инспекторы Алиев Батыр Алиұлы қатысып, салалық кәсіподақтың техникалық инспекциясының 2015-2018ж.ж. мерзіміндегі жұмысын қорытындылады.
Алиев Б. А. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ҚР қолданыстағы заңнамаларының талаптары туралы, соның ішінде: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңесті құру; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық ішкі бақылауды ұйымдастыру кезінде техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктерін айтып берді.
Семинар қатысушыларына техникалық инспекторлардың күнделікті жұмысын дұрыс қалыптастыруға көмектесетін іс-әрекеттердің қадамдық алгоритмі ұсынылды. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру және ұжымдық шартты, келісімді орындау кезінде анықталған неғұрлым кең таралған заңнама талаптарын бұзушылықтар талқыланды. Сондай-ақ семинар-кеңес қатысушыларының назарына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен бекітілген 2019 жылы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Жылын» өткізу жөніндегі Жол картасы ұсынылды.
Еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауды жақсарту, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі Кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымының техникалық еңбек инспекция жұмысы туралы бас маман Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы айтып өтті.
Кәсіподақтың Павлодар облыстық ұйымының бас маманы Джаркенова Гүлшат Оралқызы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» облыстық байқауын өткізу жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-кеңес соңында пікірталас сағаты болып, онда қатысушылар пікірлерімен және ақпараттармен алмасты, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауаптар алды.
-
Фото
-