Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі Үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауын жариялайды
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі Үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауын жариялайды.
Аталған байқау 2019 жылдан бастап еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру, өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды төмендету, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Кәсіподақтың Атқару комитетінің шешімі бойынша мүшелік ұйымдар байқау туралы Ережені құрылымдық бөлімшелеріне таратып, байқауға еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Байқау Ережесіменhttp://edu-tradeunion.kz/kz/article/index/49/50 сілтемесі бойынша танысуға болады.