Қоғамдық кеңестердің ІІ Республикалық мәжілісінің отырысы өтті
2019 жылғы 8 ақпанда Астана қаласында Қоғамдық кеңестердің ІІ Республикалық мәжілісінің отырысы өтті. Мәжіліске депутаттар, маслихаттың хатшылары, министрлер, облыс әкмідерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының және кәсіподақтардың өкілдері қатысты. Кәсіподақтың атынан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Тұрғанқызы Амантаева қатысты.
2016 жылы құрылған Қоғамдық кеңестер мемлекет пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды механимз іспетті.
«Қоғамдық кеңестер: жұмыс тәжірибесі және даму барысы» тақырыбында пленарлық мәжіліс өз жұмысын бастады. Мәжіліске Сарым Айдос Әміроллаұлы модератор болды. Спикерлер қатарынан шетелдік өкілдер ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьерд Сабо және Қазақстандағы БҰҰБД тұрақты өкілінің м.а. Времиш Виталий сөз сөйледі. ҚР Қоғамдық даму министрі Д.А. Калетаев, Қазақстанның азаматтық альянсының президенті А.Б. Қожахметовжәне т.б. өз пікірлерін ортаға салды.
Мәжілістің екінші жартысы панельдік сессия форматында секцияларға бөлініп, семинар-тренингтер жұмысымен өз жалғасын тапты.
Қорытынды ретінде Қоғамдық кеңестің қорытынды резолюциясы қабылданды.
-
Фото
-