Ұстаз мәртебесі – ұлт мұраты
Бүгінде қоғамның барлық мүшесіне айқын бағдар беретін мұраты биік мұғалімнің қадір-қасиетін арттыруда зекті мәселе жетерлік. Бұл туралы бас басылым бетінде кеңінен әрі ткір материалдар жиі жарық кріп, тиісті ведомстволардан арнайы іс-шаралар да қабылданып жатады. Еліміздегі игілікті шаралардың қатарында былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Педагог мәртебесі туралы» заңды айтуға болады. Аталған заң жобасы бүгінде қызу талқыланып, түрлі ұсыныстар айтылып жатыр. Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында да «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына арналған дңгелек үстел тті. Парламент депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің кілдері, жаңа заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, салалық кәсіподақ, мектеп және білім беру орталықтарының басшылары, мұғалім, психолог сияқты білім саласының біршама кілі заң жобасына енгізілуі тиіс ең зекті мәселелерді талқылады. Басқосу негізінен жаңа заң жобасын жетілдіре түсуге қажетті ой-пікірлер мен ұсыныстарды ортаға салды. Мұғалім мәртебесінің артуының бір ғана министрлік мойнында емес, басқа да кптеген орталық және атқарушы органға, қоғамға, отбасы институтына тәуелді жақтары сз болып, нақты ұсыныстар айтылды.«Egemen Qazaqstan»№17 (29496) 28 ҚАҢТАР, 2019 ЖЫЛ
https://pdf.egemen.kz/2019/01/28/6808/