Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру сайлау конференциясы өтті
Ағымдағы жылдың 21 желтоқсан айында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру сайлау конференциясы өтті.
Облыстық кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова, Батыс қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Ербол Салықов қатысты.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаевтың есепті баяндамасы, тексеру комиссиясының баяндамасы тыңдалды.
Конференцияда салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева Республикалық кәсіподақ қозғалысының алдындағы міндеттер мен мәселелер, педагог мәртебесі туралы атқарылып жатқан мәселелер жөнінде кеңінен тоқталды.
Конференцияға қатысқан делегаттар жарыссөзге шығып, ұйым жұмысының есебіне «қанағаттанарлық» баға беріп, кәсіподақ жұмысының жаңа құрамын сайлады. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы болып Даупаев марат Оразалыұлы сайланды.
-
Фото
-