Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын ашық талқылау үшін WhatsApp жедел желісін іске қосты
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жасақтауға тікелей атсалысады. Аталған құжатта ұстаздарға материалдық стимулдар мен әлеуметтік кепілдіктер, түрлі тексерістерден қорғау мен құзыретіне жатпайтын жұмыстарға жекпеу туралы тың ұсыныстар қамтылған.
Салалық кәсіподақ барлық мүдделі тараптарды, әсіресе ұстаздар қауымын аталған тарихи заң жобасын кеңінен талқылауға шақырады.
Талқылау мен ұсыныстар қабыладуды барынша кең қамту үшін ұстаздар кәсіподағы 24 сағат бойы онлайн режимде жұмыс істейтін +7747919 38 51 WhatsApp желісін іске қосты және ұсыныстар қабылдауды бастады.
Айта кету керек, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жасақтау жұмысы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Халыққа жолдауы аясында жүзеге асуда.
Қазіргі таңда аталған құжат ҚР Білім және ғылым министрлігінде талқылаудан өтуде.
Заң жобасын талқылау кезінде қазірдің өзінде Кәсіподақ кеңсесіне 300-ден астам ұсыныс келіп түсті. Салалық кәсіподақ заң жобасына қатысты ұсыныстарды дәстүрлі әдіспен кәсіподақтың www.edu-tradeunion.kz ресми сайты мен proin.kz@mail.ru электронды поштасына жолдау мүмкіндігі бар екенін де еске салады.
Заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына 2019 жылғы қаңтар айында өткізу жоспарланған.
______________________________________________________________
Анықтама: «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі 800000 астам кәсіподақ мүшесі бар ең ірі қоғамдық ұйым. Құрамына 20 мүшелік ұйым. Жас мамандардың үлесі 33%.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБнің баспасөз қызметі
Байланыс тел.: 8 (7172) 21-72-56www.edu-tradeunion.kz