Қатардан кеткен дара болмыс
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Батыс Қазақстан облыстық ұйымының бұрынғы төрағасы, салалық кәсіподақ қозғалысының ардагері Тұрғаналиев Галилей Жангерейұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өркен жаю жолында мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек пен өмірлеріне бағыт берген, кәсіподақ қозғалысында өзіндік қолтаңба қалдырған Галилей Жангерейұлының дара болмысы бәріміздің жадымызда мәңгі сақталмақ. Саналы ғұмырын кәсіподақ қозғалысының жандануы мен жарқын болашағына арнаған әріптесіміздің ақжарқын асыл бейнесі, адамгершілік жарқын келбеті біздің жүрегімізде әрдайым қалатыны сөзсіз.