Нәтижелi сандық, сапалық көрсеткiштер таныстырылымы
Бүгiн Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар федерациясының мәжiлiс залында федерация аппарат қызметкерлерiне арналған Қазақстандық салалық бiлiм және ғылым қызметкерлерi кәсiподағы қызметiнiң таныстырылымы өттi. Аталған жиналысқа сала кәсiподағының да қызметкерлерi қатысты.
Қазақстандық салалық бiлiм және ғылым қызметкерлерi кәсiподағының төрайымы Майра Амантаева 2014 жылдың 9 қазанында өткiзiлген XIII съезден бергi сала кәсiподағы қозғалысының сандық-сапалық көрсеткiштерiне кеңiнен тоқталды. "Осы жылдар бойы кәсіподақтың тәжірибелік қызметі еліміздің қалыптасу кезеңімен және Қазақстан мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты болып келеді. Салалық кәсіподақ заман талабына сай дами отырып, еліміздегі айтарлықтай ірі қоғамдық ұйымға айналды, игі дәстүрлер мен өткен тәжірибедегі құндылықтарды, ең бастысы – кәсіподақ қозғалысының тұтастығы мен бірлігін сақтап қалды. Кәсіподақ сала қызметкерлерінің, студент жастардың әлеуметтік - еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде мақсатты жұмыс жүргізе отырып, билік органдарымен және жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастық орнатылды"- дедi өз баяндамасында М. Амантаева.
Сонымен қатар, сала кәсіподақ төрайымы М. Амантаева қазақстандық азаматтық қоғам жүйесіндегі салалық кәсіподақтың орнына, Кәсіподақтың ұйымдастырушылық құрылымын бекіту туралы мәселелерге айрықша тоқталды.
Сонымен қатар, сала кәсіподақ төрайымы М. Амантаева қазақстандық азаматтық қоғам жүйесіндегі салалық кәсіподақтың орнына, Кәсіподақтың ұйымдастырушылық құрылымын бекіту туралы мәселелерге айрықша тоқталды.
-
Фото
-