Сала министрлігінің жылдық жұмысы қорытындыланып, жаңа міндеттер белгіленді
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өткізілді. Оған сала министрлігінің құрамымен бірге Мәжіліс, Сенат депутаттары, Вице прьемер-министр Ерболат Досаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «APEC PetroTechnic жоғарғы колледжі» ЖШС-ның, Bilim Media Group электронды білім саласындағы компанияның, жоғарғы оқу орындары мен орта білім беру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өкілдері және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева мен сала кәсіподағының облыстық, аймақтық, қалалық бөлімшелерінің көш басшылары қатысты.
Алқа отырысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2018 жылға арналған міндеттері туралы» өз баяндамасын әлемдік рейтингтердегі білім беру және ғылым жүйесінің көрсеткіштерінен бастады. Министрдің айтуынща, 2017 жылы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан бастауыш білім берумен қамту бойынша әлемнің 137 елінің арасында 4-орынды иеленді (2016 ж. – 118-орын). 5 көрсеткіш бойынша орынның жоғарылауы байқалады. «Адами даму индексі» рейтингісінде Қазақстан адами даму деңгейі жоғары елдердің қатарында және 188 елдің арасында 56-шы орында. IMD-2017 рейтингісінде Қазақстан «Білім беру» субфакторы бойынша 9 орынға көтеріліп, әлемде 35-орынды иеленді (2016 ж. – 44-орын).
Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі нормативтік құқықтық базаның жетілдірілуі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым саласы, балалардың құқықтарын қорғауға қатысты жұмыс қорытындылары кеңінен баяндалды. Аталған мәселелерге жеке тоқталатын болсақ, әсіресе нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге қатысты бағыттарда тың өзгерістер болып жатқаны шындық. Мәселен, «Білім беру» ҚР Заңына ЖАО-ға білім беру ұйымдарында – жеке меншік мектептерде жан басына қаржыландыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мүмкіндік беретін норманы қосу бөлігінде түзетулер,техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында кадрларды даярлауға модульді-құзыретті тәсілді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Педагогтарға нақты талаптар қоятын педагогтің кәсіби стандарты, қорғаншылық кеңестің жұмысын ұйымдастыратын үлгілік қағидалары мен жан басына қаржыландыру әдістемесі, мектеп директорларына кандидатураларды қорғаншылық кеңеспен келісуді қарастыратын мектеп директорларын тағайындау қағидалары бекітілгендігі, жекеменшік балабақшаларды ашуға және толтыру нормаларына талаптарды жеңілдету бөлігінде санитариялық қағидалар мен нормалар қабылданғандығы белгілі болды.
Сала министрі Ерлан Сағадиевтің баяндамасынан бөлек «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев «Жоғары мамандандырылған кадрларды даярлау мәселелері туралы», Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жангозин «Мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу туралы», «APEC Petro Technic жоғарғы колледжі» ЖШС директоры Ермек Күзембаевтың «APEC Petro Technic» жоғарғы колледжінің қызметі туралы , Bilim Media Group электронды білім саласындағы компанияның басшысы Рауан Кенжеханұлының «Білім беруді цифрландыру», Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дария Қожамжарованың «Педагогикалық білім беруді жаңғырту туралы», Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицеййінің директоры Ерұлан Жиенбаевтың «Педагогикалық білім беруді жаңғырту туралы», Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов «Қазақстандағы ғылым дамуының жай күйі мен перспективасы туралы» баяндамалар оқылып, бұл тақырыптарға қатысты нәтижелі ақпараттар мен әлі де болса шешімін таппаған мәселелер тілге тиек болды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының Баспасөз қызметі.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының Баспасөз қызметі.
-
Фото
-