ҚР Білім және ғылым министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
24 қаңтар күні балалар құқығын қорғау мен білімді дамыту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Білім жәе ғылым министрі Е. Сағадиев төрағалық еткен аталмыш отырысқа Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары В. Беженаров қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының барысында Білім және ғылым министрлігіндегі мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырудың тиімділіктері, сала министрлігіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрақтарына сапалы жауап қайтару, білім және ғылым саласында нормативтік құқықтық базаға сараптама жасау мен қоғамдық мүддеге сәйкес балалар құқығын қорғауға сынды мәселелер күн тәртібінде қаралды. Нәтижесінде 2018 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.