Маңызды тапсырмаларды тиянақты жүзеге асыру – қоғамдық ұйымның да басты міндеті
Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында атап өтілген міндеттерді жүзеге асыру аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен «Кәсіподақтар: жаңару мен жаңғыру жолында» атты республикалық форумы өткізілді. Форум жұмысын ҚР Парламент депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жоғарғы оқу орынның, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, Кәсіподақтар федерациясының өкілдері мен республикалық салалық кәсіподақ белсенділері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты азаматтық қоғамның белсенді ұйымы ретінде биылғы Жолдауда көрсетілген міндеттердің жүзеге асуына ықпал ету және елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үрдісі аясында кәсіподақтар қозғалысын әрі қарай дамыту мен жаңғырту үшін тиісті жұмыс бағыттарын айқындау, бұл бағыттарда кездесетін өзекті мәселелердің шешілу жолдарын талқылау болып табылады.
Форумда салалық кәсіподақтың атқарған жұмыс нәтижелері сөз болды. Еліміздің әр өңірінен келген кәсіподақ белсенділері сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жолындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісе отырып, алдағы уақытта кәсіподақ мүшелері мен еңбек адамының мүдделерін қорғауда, салалық келісім шарт деңгейінде шешілген мәселелердің тиянақты жүзеге асырылу жай-күйі, әлеуметтік әріптестіктің аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелері, сала қызметкерлерінің құқықтық қорғалу деңгейін арттыру және кәсіподақ ұйымдарында ақпараттық саясатты жетілдіру тәсілдері, білім беру жүйесін реформалау жағдайындағы кәсіподақ ұйымдарының міндеттері сынды мәселелер талқыланды.
Форум барысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге тиянақты асырудың маңыздылығына тоқтала келе, қоғамдағы ұстаздар мәртебесін әлі де көтеру қатежеттігін баса айтты. Өз сөзінде М. Амантаева: «Өкінішке орай, соңғы жылдары педагог мамандығының өз қызығушылығын жоғалтқанын айта кеткен жөн. Мұның негізгі себебі – әлеуметтік қорғаудың жеткіліксіздігі мен еңбек ақының төмендігі. Сала қызметкерлерінің еңбек ақыларын арттыру мен жетілдіру жөніндегі бұл мәселелер кәсіподақ Салалық Кеңесінің, мүшелік ұйымдардың үнемі басты назарында. Елбасы Жолдауында 2018 жылы санаттар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін санаттардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, санаттарды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады»,-деді.
Баяндама барысында салалық кәсіподақ төрайымы одақішілік міндеттер мен шешімін толық таппаған мәселелерге, кәсіподақты ұйымдастырушылық жағынан нығайтудың өзектілігі туралы: «Кәсіподақ қозғалысына сапалы өзгерістер енгізу қажет. Салалық кәсіподақ пен оның мыңдаған кәсіподақ активі үшін бұл ең алдымен, ұйымдастырушылықты нығайту, жұмыстың жаңа нысандары мен әдістеріне көшу болып табылады»,- деп айрықша атап өтіп, кәсіподақтың қарқынды дамуын тежеп отырған, шешімін таппаған мәселелерге де тоқталды. М. Амантаева бұл мәселелерді шешудің бірнеше жолдарын ұсынды. Атап өтер болсақ, заманауи кадрлық саясатты іске асыру, мүшелік базасын нығайту және көтейту, салалық кәсіподақ кадрлары мен активін жүйелі және үздіксіз оқыту мен біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыста кемшіліктер мен немқұрайлықты жоюға басымдық беру.
Сондай-ақ, форумда сөз сөйлеген ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Жолдаудың негізгі ережелері мен тезистері кәсіподақтардың қызметімен тікелей байланысты екендігін атап өтті. «Кәсіподақтардың қызметін түбегейлі реформалау мақсатында орташа мерзімді кезеңге Федерацияны жаңғырудың «Жол картасы» әзірленгендігін, бұл өз кезегінде Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысына жаңа леп беруі тиіс»- деді Б. Әбдірайым.
Форум жұмысы түскі үзілістен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовпен өткен кездесуде жалғасын тапты. Жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты А. Аймағамбетов баяндама жасап, болып жатқан өзгерістер туралы толымды мәіметтермен бөлісті. Сала кәсіподақ белсенділері мен мұғалімдер тарапынан мазмұнды сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауаптар берілді.
Форум жұмысы түскі үзілістен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовпен өткен кездесуде жалғасын тапты. Жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты А. Аймағамбетов баяндама жасап, болып жатқан өзгерістер туралы толымды мәіметтермен бөлісті. Сала кәсіподақ белсенділері мен мұғалімдер тарапынан мазмұнды сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауаптар берілді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-