Есепшілерге арналған семинар
Бүгін Астана қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен мүше ұйымдардың есепшілеріне арнаған «Кәсіподақ ұйымындағы бухгалтерлік есеп, қаржы қызметі, салық есептілігі» атты бір күндік семинар – тренинг өткізілді. Оған салалық кәсіподаққа мүше барлық ұйымдардың есепшілері қатысты.
Кез келген ұйым есепші қызметінен – аса ұқыптылық пен дәлдікті, мұқияттылық пен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, елдің қаржы нарығында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға байланысты бұл мамандық иелеріне үнемі өздерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп отырулары тиіс. Осы мақсатта, салалық кәсіподақтың орталық атқару комитеті тұрақты түрде өңіраралық ұйым есепшілеріне арнап семинарлар өткізіп келеді.
Бүгінгі семинардың ашылу салтанатында салалық кәсіподақ төрайымы Майра Амантаева кәсіподақ ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүргізудің маңыздылығына айрықша тоқталып, әрбір есепші қызметкерінің жауапкершілігін атап өтті.
Семинарға арнайы шақырылған лектор Людмила Камышанская жоғарыда аталған тақырыптың негізінде дәріс оқып, салалық кәсіподақтың есептілік жүйесіне қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді. Ал Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Бас есепшісі Жадыра Амреева «Салалық кәсіподақ ұйымындағы мүшелік жарналарды бөлу мен жалпы есептілік, қаржы қызметі, бухгалтерлік есеп» атты тақырыпта дәріс арнады. Кәсіподақ ұйымдарында бухгалтерлік есеп, қаржы және материалдық-техникалық құндылықтарға бақылау жүргізудің ерекшелігіне кеңінен тоқталды.
Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағының Баспасөз қызметі
-
Фото
-