Қоғамдық кеңес қызметі туралы конференция
Бүгін Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Мәдени даму институтының бірлесе ұйымдастыруымен «Қоғамдық кеңестер: әрекет ету мәселелері және көкжиектері» атты республикалық конференция өткізілді. Аталған конференция жұмысына еліміздің барлық қоғамдық кеңес төрағалары, сарапшылары, халықаралық ұйымдар өкілдері, ғалымдар, саясаттанушылар, депутаттармен қоса Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева қатысты.
Конференция жұмысы барысында елдегі қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бағытындағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, шетелдік үздік тәжірибелер көрсетіліп, әріптестердің пікірлері ескерілді. Елдің түрлі салаларын дамытуда айрықша рөл атқаратын қоғамдық кеңес қызметінің маңыздылығын ескере отырып, бұл бағыттағы жұмыстардың мейілінше тиянақты болуына баса назар аударылды.
-
Фото
-