Атқару комитетінің отырысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 24 наурыз күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Атқару комитетінің мүшелеріне күн тәртібіндегі 2016 жылғы салалық кәсіподақ ұйымдарының мүшелігі мен кәсіподақ органдары туралы статистикалық есептің қорытындысы, Қарағанды облыстық кәсіподақ комитетінің әлеуметтік әріптестікті дамыту, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстар, кәсіподақтың Павлодар облыстық ұйымындағы іс жүргізу нұсқаулығын орындау мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жағдайы туралы мәселелер ұсынылды.
Салалық кәсіподақ ұйымдарының мүшелігі мен кәсіподақ органдары туралы статистикалық есептің қорытындысын ұсынған салалық кәсіподақ ұйымының төрайым орынбасары А. Мұқашева сандық көрсеткіштердің былтырғы жылмен салыстырғанда кәсіподақ мүшеліктерінің арту динамикасы байқалғандығын ерекше атап өтті. Кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру жөніндегі жұмыстарды одан әрмен қарай жетілдіру керектігі тілге тиек болды.
Сонымен қатар, Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымының әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстар, еңбек заңнамасының, әлеуметтік әріптесік актілері бойынша міндеттемелердің орындылуына қоғамдық бақылаудың тиімділгін арттыруға шаралар қабылдау маңыздылығы Атқару комитетінің отырысында тиісті ұсыныстармен мақұлданды.
Кәсіподақ қызметін жетілдірудің кәсіби тетіктерінің бірі – іс-жүргізу нұсқаулықтарының сауатты әрі тиімді жүргізуі болып табылады. Сондықтан аталған мәселелердің де шешілуіне баса назар аударылу керек. Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының бұл бағыттағы жұмыс қорытындысынан бұл өңірлік облыс ұйымында ведомстволық мұрағаттың бар екендігі, құжаттарды тапсыру актілерін жасай отырып, тізім бойынша сақтауға жіберілетіндігі белгілі болды. Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының жұмыс бабы барысында жүргізген ерекше тәжірибелерін де айта кету керек. Бұл ұйымда тұрақты уақыт аралығында қоғамдық қабылдау форматында да тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы белгілі болып, мұндай үлгідегі жұмыс нәтижесі оң көрсеткіштер беріп жатқандығын ерекше атап өткен жөн.
-
Фото
-