Кәсібиліктің жаңа өлешемі – бәсекелестіктің жаңа талабы
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімнің әдістемесі және мазмұны басқармасының басшысы Бану Нарбекова, салалық кәсіподақ облыстық ұйымдарының заңгерлері мен кәсіподақ орталық комитетінің басшылық құрамы қатысты.
Салалық келісім-шарт аясында өткізілген семинар жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімнің әдістемесі және мазмұны басқармасының басшысы Бану Нарбекова Педагогтың кәсіби өлшемін кеңінен түсіндіріп өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде жүзеге асайын деп жатқан аталған өлшем ұстаздардың біліктіліктерін арттырумен қатар, олардың өз-өзін жетілдіруге, еңбекақыларының мөлшерін өз дәрежесіне қарай көбейтіп отыруға зор мүмкіндік екендігін атап өтті.
«Біздің қоғам кез келген жаңа, тың өзгерістерді үреймен қабылдайтынын жасырмаймын. Педагогтардың кәсіби өлшемін енгізу білім беру саласындағы айтарлықтай серпінді реформаның бірі. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдау – қоғам сұранысына сай болып, бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудан туындаған мемлекеттік маңызы жоғары саяса»-деп атап өткен Б. Нарбекова ұлттық біліктілік жүйесі, оның құрылымдық ерекшеліктеріне, еңбек нарығы тарапынан болатын мамандар сұранысы мен біліктілік ұсыныстарына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар Б. Нарбекова әлемнің озық тәжірибесін пайдаланып, мемлекеттің даму үрдісіне қарай біліктілікті арттырудың сапасын қамтамасыз ету мәселесі, педагогтың кәсіби өлшемін белгілеу арқылы мұғалім мәртебесін жақсартуға, білім беру жүйесінде жеке кәсіби-тұлғалық сапалық деңгейлерінің көрсеткішін арттыруға, педагог мамандығын дайындайтын оқу орындарындағы талаптарды күшейтуге, осы арқылы жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге жол ашатындығын ерекшеледі.
-
Фото
-