Атқару комитетінің 2017 жыл иеншісіндегі алғашқы отырысы
Салалық кәсіподақ қызметінің жаңа жылға арналған тың жұмыс бағыты бүгінгі өткізілген Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағы Атқару комитетінің биылғы жылдағы алғашқы отырысынан басталды. Аталған отырыс жұмысына Атқару комитетінің мүшелері мен орталық комитеттің қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелік ұйымдарының кадрлық саясат мәселелері бойынша Кәсіподақтың ХІІІ съезінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі жұмысы; кейбір өңірлердегі кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру кезінде шешімін таппаған мәселелер; өңірлердегі әлеуметтік әріптестікке қатысты мәселелер мен жұмыс жоспарының жағдайы; білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағы салалық Кеңесінің жұмыс жоспары; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне қарасты бастауыш студенттік кәсіподақ ұйымының салалық кәсіподақ Жарғысын бұзу әрекетіне қатысты мәселелер; 2016 жылғы шығыс және кіріс сметасының орындалуы сынды кәсіподақ қызметін жандандыруқа қатысты көптеген өзекті мәселелер қарастырылды.
Салалық кәсіподақтағы кадр саясаты туралы сөз қозғайтын болсақ, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағының төрайым орынбасары А. Мұқашева кәсіподақ белсенділерінің қартаю үрдісі бүгінгі таңда әлі де болса маңызды мәселе екендігін тілге тиек етті. Алайда, 2014 жылмен салыстырғанда кәсіподақ ұйымдарының басшылық құрамының аз да болса жасарғандығын атап өтті.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ комитетінің кәсіподақ органдары мен ұйымның қызметін үйлестіру жөніндегі баяндамасын ұсынған облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р. Серікова өткен жылдағы атқарылған жұымыс қорытындысымен Атқару комитетінің мүшелеріне таныстырды. Ақтөбе облысына қатысты кәсіподақ қызметіндегі құрылымдық жағдайда шешілмеген кейбір өткір мәселелер қызу талқыға түсіп, болашақта олқылықтардың орнын толтыру мен жемісті еңбек атқару бағытында тапсырмалар берілді. Аталған мәселе тек Ақтөбе облысына ғана тиесілі жағдай емес. Бүкіл Қазақстан көлемінде аса түйіткілді сұрақ ретінде қарастырылған кәсіподақ қызметіндегі құрылымдық өзгерістер алдағы уақытта аса жауапкершілікпен қарастырылатын мәселе екендігін аңғартты.
Атқару комитеті отырысының барысында Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның құрамына өзгертулер енгізу, салалық кәсіподақтың барлық деңгейлерінің кәсіподақ құрылымдарындағы кәсіподақ органдарында есеп беру мен сайлауларды өткізу туралы Нұсқаулыты бекіту, кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы туралы Ережесі мен білім және ғылым саласының ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғау туралы заңнаманы қадағалауға бақылау жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясымен құрастырылған кәсіпорындар мен кәсіподақ ұйымдарының мониторингі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі бастауыш студенттік кәсіподақ ұйымынан келіп түскен өтініштер негізінде жүргізілген тексерулер нәтижелері, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағының Алматы қалалық ұйымына қатысты мәселелер туралы салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары В. Беженаров кеңінен баяндай келе, бұл мәселелер де Атқару комитеті мүшелерінің тарапынан қызу талқыға түсті. Аталған мәселелерге байланысты жеке пікірлер тыңдалып, ұсыныстар қабылданды.
Отырыс соңында 2016 жылғы шығыс және кіріс сметасының орынбалу барысымен салалық кәсіподақтың бас есепшісі Ж. Амреева баяндама жасап, Атқару комитетінің мүшелеріне кәсіподақ салалық Кеңесі аппаратының 2017 жылға арналған штаттық кестесі мен сметасын бекіту туралы ұсыныс жасалды. Сонымен қатар мүшелік ұйымдар мен тапсырылатын 2017 жылға арналған статистикалық есептілік туралы мәселе тілге тиек болды.
-
Фото
-