«Тәуелсіз Қазақстанның кәсіподақтары. Жаңа белес. Жаңа серпін»
Тарихи маңызы зор мереке болып саналаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге байланысты 2016 жылдың 12 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағы мен Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлер кәсіподағы бірлесе ұйымдастыруымен болатын «Тәуелсіз Қазақстанның кәсіподақтары. Жаңа белес. Жаңа серпін» атты салтанатты жиын өткізылді. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәжіліс депутаттары, білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері, кәсіподақ белсенділер қатысады деп күтілуде.
Аталған салтанатты жиын барысында ғасырға татитын 25 жыл ішінде Қазақстан кәсіподақтарының жүріп өткен жолы, атқарылған қыруар еңбектердің нәтижесі, алға қойған мақсаттары, тәуелсіз Қазақстан кәсіподақтарының жаңа тарихы туралы сөз қозғалмақ.
Концерттік бағдарламамен ұласқан салтанатты жиында қос министрліктің өкілдері үздік білім беру қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлерін министрліктің Құрмет грамотасы мен «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар кәсіподақ ардагерлері мен белсенді кәсіподақ басшылары, кәсіподақ қызметкерлері Кәсіподақтар федерациясының және салалық кәсіподақтардың түрлі деңгейдегі марапаттауларына ие болды.
«Қазақстан кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік – еңбек қатынастардың базалық элементі. Қазақстан Кәсіподақтары жаңа Қазақстанды қалыптастыруға белсене атсалысты»-деп Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде қоғамның әлеуметтік әлауқатын арттыруда, еңбеккерлердің құқықтарын қорғауда Қазақстан кәсіподақтар күрмеуі күрделі көптеген мәселелердің шешілуіне түрткі болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау кезеңінде халқымыз күрмеуі терең қиыншылыққа тап болса да, елдің тыныштығын, бірлігін сақтай отырып, сала кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, құқықтық жағдайларын шешуге бар күш-қуатымызды арнаған ұйымдардың бірі – кәсіподақтар болса керек. Әрбір білім және денсаулық сақтау ұжымында тұрақты ахуал орнату кәсіподақ ұйымдарының басты міндетіне айналды. Бүгінде білім және денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының 25 жылдық мерекелік отырыстарының бірігіп өтуінің мәні де осыда жатыр.
Біз, салалық білім және ғылым, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарның бірлескен салтанатты мәжілісіне қатыса отырып, өз егеменді еліміз – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіз жылдардағы Қазақстан халқының аянбай еңбек етуі мен бірлігінің арқасында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын қалыптастыруда ауқымды жетістіктеріге қол жеткізгенін аса зор мәртебе деп бағалаймыз.
Білім және ғылым, денсаулық сақтау кәсіподақтары өз қатарларында 1 млн.100 мыңнан астам еңбекшілерді біріктірген және олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау жолындағы ірі ұйым ретінде, қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық қоғамын жандандыру ісіне мейілінше белсенді атсалысып келеді.
Ширек ғасыр ішінде біздің кәсіподақтар барлық сынақтар мен қиындықтарға қарамастан, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін шешуде айқын бағыт ұстанып, саяси және қоғамдық келісімді сақтау мен өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде сындарлы әрі жауапты қадамдар жасады. Осы арқылы Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» жалпыұлттық бағдарламасына қолдау көрсетіп, «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыруда барлық күш-жігерін арнайды.
Халықтың тарихи тағдыры мен ортақ мүддесін көрсететін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын мүлтіксіз сақтауға, жаңа өркениетті Қазақстанның келешек кемелденуіне белсенді үлес қосып, әлемнің дамыған 30 ел қатарынан көрінуге, бүгінгі қазақстандықтар мен болашақ ұрпақтың негізгі игіліктері болып табылатын Тәуелсіздік жетістіктерін сақтап және барынша арттыруға барлық кәсіподақ мүшелерін шақырамыз.
Кәсіподақтардың басты міндеті – еңбек адамының құқықтары мен мүдделері үшін күресу болып табылады және солай қала бермек.
Біздің ұранымыз: «Еңбек адамына – лайықты өмір!»
Астана қаласы 12 желтоқсан 2016 жыл
-
Фото
-