Салалық комиссияның отырысында белгілі болды
Ағымдағы 2016 жылдың басынан бері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағы тарапынан қоғамдық бақылау жүргізу аясында білім беру саласына 2833 тексерулер жүргізіліп, 1750 еңбек заңнамасы бұзылғандығы туралы анықталды. Бұл туралы бүгінгі салалық кәсіподақтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізген білім және ғылым саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның отырысында белгілі болды. Аталған комиссия отырсына Қазақстан Республикасы Білім және және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева, министрлікке қарасты департамент өкілдері, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағы төрайымының орынбасарлары Айгүл Мұқашева мен Виктор Беженаров пен Салалық комиссия мүшелері қатысты.
Салалық комиссияның төрағасын сайлау, 2017 жылға комиссияның жұмыс жоспарын бекіту, салалық еңбекті қорғауды басқару жүйесі бойынша жұмыс тобының құрамын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, қолданыстағы еңбек ақы жүйесін жетілдіру, педагогикалық қызметкерлердің мәртебелерін арттыру сынды мәселелер отырыс барысында талқыланды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының өңірлік және салалық әлеуметтік әріптестік туралы келісімдердің және ұжымдық шарттардың іске асыруына қатысты мәселелер де тілге тиек болды.
Күн тәртібінде тұрған алғашқы мәселе бойынша Салалық комиссия төрағасы болып Қазақстан Республикасы Білім және және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева сайланды.
Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің әдістемесі мен мазмұны басқарта жетекшісі Бану Нарбекова өз баяндамасында білім және ғылым жүйесіндегі салалық біліктілік шеңберін бекіту ерекшеліктерін ортаға салып, кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін жалпы кәсіби құзыреттердіңбіліктілікдеңгейлерінің көрсеткіштерін атап өтті.
Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары Айгүл Мұқашева өз баяндамасында 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпараттарымен бөлісіп, 2016 жылдың жұмыс қорытындысымен таныстырды. Әлеуметтік әріптестікті дамыту мен олардың іс-қимылын үйлестірудің маңыздылығын атап өткен А. Мұқашева, 2016 жылдың басынан бері салалық кәсіподақ тарапынан қоғамдық бақылау жүргізу аясында білім беру саласына 2833 тексерулер жүргізіліп, 1750 еңбек заңнамасы бұзылғандығы туралы анықталды. Жұмыс берушілерге еңбек заңнамасын бұзушылықты жою туралы және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру туралы 516 ұсыныстар жіберілсе, әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты шаралар қабылдау үшін 29 материалдар мемлекеттік еңбек инспекциясына ұсынылды. Сонымен қатар Айгүл Мақсатқызы 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады.
Білім және ғылым ұйымдарының әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу және іске асыру тәжірибесі туралы ақпараттармен салалық кәсіподақтың құқық бөлімінің бас маманы, еңбек инспекторы Райхан Қыдырбаева таныстырды. Ол білім беру органдары мен облыстық кәсіподақтар органдары арасындағы және ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Кәсіподақ Салалық Кеңесі арасындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша ақпарат алмасу мен үйлестіру жеткіліксіз деңгейде екендігіне назар аударып, алдағы кезеңге арналған кәсіподақ ұйымының басымдықтарын анықтады.
Отырыс соңында Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары, білім және ғылым саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның төрайым орынбасары Виктор Беженаров мұғалімдер мәртебесін көтеру, сыйақы ағымдағы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамын бекітуді ұсынып, 2017 жылы Салалық комиссияның жұмыс жоспарымен таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстандық салалық кәсіподағы білім және ғылым қызметкерлері» ҚБ мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мен тараптардың мүдделерін қорғау мақсатында жасалынды.
-
Фото
-