Семинар жұмысы басталды
16 қараша күні Астанада Кәсіподақтар федерациясы мен Молдова үкіметтік емес ұйымдарына арналған республикалық көмек және ақпараттық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Кәсіподақтардағы ақпараттық жұмыстар. Қазақстан кәсіподақтары қызметіндегі заманауи ақпарат құралдарын қолданудың тәжірибесі» атты үш күндік халықаралық семинар өз жұмысын бастады.
Аталған семинардың басты мақсаты Қазақстан кәсіподақтар қызметкерлерінің ақпараттық материалдарды таратудағы тиімділігікті арттыру болып табылады. Халықаралық семинарды Молдова үкіметтік емес ұйымдарына арналған республикалық көмек және ақпараттық орталығының бағдарлама үйлестірушісі Василий Чуарик жүргізді. Семинарды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов ашып берді. Өз сөзінде Ә. Құсайынов Кәсіподақтардағы ақпараттарды таратуда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың маңыздылығына толқталды. Сонымен қатар бүгінгі таңда отандық БАҚ-дағы кәсіподақтар жұмысының таратылу белсенділігі әлі де төменгі деңгейде екендігін тілге тиек етті. Үш күнге созылатын семинар жұмысы барысында осы сынды мәселелердің шешілу жолдары мен болашақта кәсіподақтардағы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты арттыру, заманауи ақпарат технологияларын қолдану арқылы Кәсіподақ мәртебесін көтеру арқылы кәсіподақ мүшелігін жетілдіруге қатысты тақырыптар кеңінен талқыланды.
Василий Чуарик Молдова Республикасы Кәсіподақтарындағы бұқарамен байланыс қызметінің тәжірибесімен кеңінен таныстырды. Сондай-ақ Молдова Республикасы Кәсіподақтар жұмыстарының тәжірибесінен алынған ақпараттық жүйеге қатысты оқыту-методикалық фильм семинар қатысушыларының талқысына ұсынылды.
Бүгінгі таңда ақпарат құралдарының таралу жылдамдығы бойынша алғашқы орынды иемденген әлеуметтік желі жүйесінің ерекшеліктері де семинар қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылықтар байқалды. Электрондық веб-сайттарының тарихы, құрылғылары мен технологиясы, веб-ресурстарының түрлері, кәсіподақ жұмыстарындағы ақпарат таратудағы веб-сайттардың қажеттілігі туралы дискуссия жүргізілді.
Семинар жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағының оқу-әдістемелік және ақпараттық-техникалық жұмыстар бойынша бас маманы Қайрат Сыдықов пен аталған салалық кәсіподақтың баспасөз хатшысы Арай Үйренішбекқызы қатысты.
-
Фото
-