ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС
Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жоғары оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған екі күндік семинар-кеңесі өз жұмысын бастады.
Семинар-кеңеске қатысушылар алдында Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің мамандары сөз сөйлеп, кәсіподақтың ұйымдастыру және құқықтық қызметінің өзекті мәселелерін қозғады, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда әлеуметтік әріптестікті дамытудың басым бағыттарына ерекше назар аударылды. Бұл тақырып төңірегінде Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров онлайн режимде толығырақ ақпарат берді.
Виктор Федорович өз сөзінде Салалық, аймақтық келісімдер, ұжымдық шарт: оны әзірлеу, тіркеу, бақылау, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудегі Кәсіподақтың рөлі, сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі Кәсіподақтың құқықтық қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталды.
Әрі қарай семинарды Кәсіподақтың құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева еңбек заңнамасын қолданудағы өзекті мәселелерді қозғаумен жалғастырды.
Райхан Мамашиқызы еңбек шартының түсінігі, мазмұны және мәні, еңбек шартын жасау тәртібі, еңбек шартының жасалу мерзімі, басқа жұмысқа ауысу, қызметкердің немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу, еңбек шартын бұзу тәртібі, еңбек шартын бұзу және тоқтату негіздері, еңбек шартын тараптарға байланысты емес жағдайлар бойынша тоқтату туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Ә:Әбиева кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру бойынща жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кәсіподақ жетекшілерінің негізгі құзыреттері де (стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру) назарға алынды.
Салалық кәсіподақтың бас есепшісі Г.Тоқабаева кәсіподақ ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметімен таныстырды. Бас есепші кәсіподақ ұйымының қаржысы: оларды құру мен пайдаланудың негізгі принциптері, кәсіподақ ұйымдарында қаржылық жұмысты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, кәсіподақ ұйымдарының салық салу ерекшеліктері, мүшелік кәсіподақ ұйымдарындағы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы ақпарат берді.
Семинар-кеңес барысында жоғары оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауап алды.
Семинар жұмысы ертең 15 ақпанда жалғасатын болады,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-