САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУЫ
2023 жылғы 14 ақпанда Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева, Шығыс Қазақстан облысыбілім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Назгүл Қасенова және Қазақстандықоқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құқықтық бөлімінің бас маманы Айдарбек Бектабанов Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Отырысқа ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов, қалалар мен аудандардың әкімдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық басқармалардың, бөлімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, ата-аналар қоғамы мен қамқоршылық кеңестердің өкілдері, білім және кәсіподақ саласының ардагерлері қатысты.
Айгүл Мұқашева жиналғандар алдында «Білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік – еңбек қатынастарын реттеу құралы» тақырыбында баяндама жасап, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауға бағытталған кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Білім беру ұйымдарында өмір сапасының белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін лайықты еңбек жағдайларын жасау үшін қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы оңтайлы теңгерімге қол жеткізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сол күні жұмыс сапары аясында«Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ және «Үміт» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарына барды.
Осы ұйымдардың ұжымдарымен кездесулер барысында қызметкерлердің еңбекақысы мен еңбек жағдайлары, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыптары талқыланды, кәсіподақ мүшелері өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алды.
Мекемелердегі қызықты экскурсиялар, балалардың көрсеткен концерттері, кәсіподақ белсенділерін салтанатты марапаттау іс-шаралары жарқын және есте қаларлық болып өтті.
-
Фото
-